2024 жылғы 16 тамызда 2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №7 «Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша 2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған тұмау және ЖРВИ жөніндегі санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» ҚР БМСД қаулысы шықты.
Қаулыға сәйкес Республика бойынша медицина ұйымдарында бетперделік режим ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен, ал тұмауға қарсы иммундау науқанының басталуы 15 қыркүйектен көзделген.
Облыс бойынша 2024 жылы жергілікті бюджет қаржысынан тұмауға қарсы Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 271348 дозасымен облыс тұрғындарының 12,9% қамту жоспарланып отыр.
Жоспарлы профилактикалық егу халықтың осал топтарына:
— медицина қызметкерлеріне;
— жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдерге; диспансерлік есепте тұрған балалар мен ересектер;
— алты айдан асқан және жиі ауыратын балалар;
-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мектеп интернат балалары;
— қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін жүргізіледі.
ЖРВИ/тұмау, COVID-19 инфекцияларының эпид маусымында асқынуларға жол бермеу үшін:
— 1 қазанға дейін тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізуді аяқтау;
— медициналық ұйымдарда міндетті, көпшілік жиналатын орындарда қажетіне орай бетперде кию режимін енгізу және күшейту;
— емдеу профилактикалық мекемелердің кіреберісінде ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастар үшін медициналық ұйымдардың аумағында және ғимаратында тиісті көрсеткіштері бар «сүзгілерді» ұйымдастыруды және жабдықтау. Балабақшалар мен мектептерде де «сүзгі» жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру;
-медициналық ұйымдарда, мектептерде, балабақшаларда және басқа да жұмыс орындарында температуралық, ауа алмасу режимдерін қамтамасыз ету қажет.
Тұмау, ЖРВИ аурушаңдығының алдын алу үшін:
— ең тиімді тәсіл — тұмауға қарсы вакцинация!
— эпидемия кезінде адамдармен байланысты мүмкіндігінше азайту;
— бетперде тағу (әрбір 3 сағат сайын ауыстыру);
— қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар)
ерітіндімен жуу;
— адам көп жиналған жерге мүмкіндігінше (ойын — сауық шараларына,
жиналыстарға, кездесулерге) барудан бас тарту;
— бөлмені, үйді жиі желдету, ылғалды жинау;
— таза ауада серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысу;
— дұрыс толыққанды тамақтану, витаминді тағамдарды пайдалану ұсынылады.
Искаков Аскар Бекболатұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары