13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 700 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫҢ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕУДЕ

19 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ 700 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫҢ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше бүгінгі таңда Шымкентте халық саны 1 241 809 адамды құрайды. 967 828 қала тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатына кіретін 700 мыңнан астам азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлеуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 308 190.

Бұл туралы ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен мәжіліс барысында мәлім етті. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков және бірқатар басқармалар мен аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысқан жиын барысында халықты МӘМС жүйесінде қамтуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Қор филиалының директоры Ляззат Барлықбайқызының айтуынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту.

Дегенмен бүгінгі таңда медициналық сақтандырылмаған әлеуметтік осал топты азаматтар мен ұзақ мерзімді демалысқа шыққанда МӘМС жарнасының әр айға жеке аударылмауынан сақтандырылу мәртебесінен айырылған ұстаздардың жағдайы өзекті мәселе болып қалуда. Ол азаматтар медициналық көмексіз қалмаулары керек. Сол себепті жауапты сала мамандарына бұл бағытта нақты тапсырмалар берілген болатын.

Мәжілісте қарастырылған жұмыстардың орындалу барысы алдағы уақытта қала әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін аймақтық штаб барысында қаралатын болады.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент

Previous Post

Энергия тежелсе, көрсеткіш құлдырайды

Next Post

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы: алты елдің арнайы операциялар күштері банда қүрамын жойды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі