13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТАМАҚТАН УЛАНУ

9 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
ТАМАҚТАН УЛАНУ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Тамақтан улану – бұл асқазан-ішекке тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп,улану тудырады.
Тағамдық улану бактериялармен, вирустармен немесе уыттармен залалданған өнімдерді тұтынғанда пайда болады. Көпшілік жағдайда тағамдық улануды келесі бактериялар туындатады: алтын түсті стафилококк (Staphylococcus aureus) және ішек таяқшасы (Escherichia coli).
Себептері:
Ішек таяқшасының негізгі көзі – жұқпаланған (жұқпаланған адамдардың) жануарлардың нәжістері. Сондай-ақ, ол тазартылмаған суда болады.
Алтын түсті стафилококк бактериялары әдетте, адамдардың терісінде болады, ал тамаққа түскенде уытты өндіріп, осы ауруды туындатады. Тағамдық улану жұқпаланған тағам организмге түскенде орын алады. Ауру залалданған тағамды тұтынғаннан кейін бір адамда немесе адамдардың тобында пайда болуы мүмкін. Көбінесе, тағамдық улану жорықтарда, асхана, дәмхана, т.б. қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанғанда пайда болады.
Бактериялардың тағамға түсу жолдары:
Қолын дұрыс жумаған адам дайындаған кез келген тағам,жуылмаған ас үй жабдығымен, тақтайшаларда, т.б. аспаптармен дайындалған кез келген тағам,өнімдерді дайындау кезінде немесе жуғанда (көкөністер мен жемістер) нашар суды қолдану,сүт өнімдері немесе құрамында майонез бар өнімдер, тоңазытқышта тым ұзақ сақталған,мұздатылған немесе салқындатылған өнімдер, сәйкес температурада сақталмаған, немесе дұрыс қыздырылмаған,толық пісірілмеген ет немесе жұмыртқа.
Жоғары қауіпке бейім:
Сәбилер және 5 жасқа дейінгі балалар
Егде жастағы адамдар
Диабет немесе бүйрек ауруы секілді күрделі аурулары бар адамдар
Иммунитеті әлсіреген адамдар.
Белгілері: Әдетте, залалданған тағамды тұтынғаннан кейін 2-6 сағат ішінде келесідей көрініс береді:
Жүрек айнуы, құсу, диарея (іш өтуі),іштегі ауық-ауық ауырсыну және түйілу,қызу,бас ауыруы,әлсіздік.
Емдеу: Тағамдық уланудың симптомдары бірнеше күн ішінде өтеді. Жұмсақ емдәм ұстанған жөн: қиын қорытылатын және тітіркендіретін өнімдерді тұтынбау қажет.
Организмдегі су үйлесімін қолдау үшін аурудың барысында суды көп ішу қажет – күніне 2-3 литрден. Регидронды қолдану көп құсу мен диарея кезіндегі электролиттерді жоғалтуды толықтырады.Организмнен уыттарды шығару және симптомдардың ауырлығын азайту үшін энтеросорбенттер (энтеросгель, белсендірілген көмір) қолданылады.
Микробқа қарсы препараттарды емдеуші дәрігер ғана тағайындайды, және тағамдық уланудың ауыр жағдайларында қолданылады.
Мүмкін асқынулар:
Жиі кездесетін асқынуы – сусыздану.
Тағамдық улану кезінде күрделі асқыну сирек болады. Оларға жататындар:
Асқазан-ішек қан кетуі,жүйке жүйесінің зақымдануы,бүйректегі мәселелер,Артрит (буынның қабынуы),Перикардит (жүректі жабатын қабықшаның қабынуы)
Алдын алу:Гигиенаны қадағалап, тамақ алдында қол жуу қажет,көкөністер мен жемістерді тұтыну алдында мұқият жуу қажет,өнімдерді тоңазытқышта дұрыс температурада сақтау,тағамды дұрыс қыздырып өңдеу,қоғамдық тамақтанудың күмәнді орындарынан алшақ болу, жүкті және емізетін әйелдерге ерекше сақ болып, кез келген тағамдық уланудан алшақ болу қажет.

Елемесов Бахтыораз Мизамұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

 

Previous Post

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Next Post

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі - денсаулықты сақтаудың кепілі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі