13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент неке қию бойынша үшінші орында

10 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкент неке қию бойынша үшінші орында
Share on FacebookShare on Twitter

Қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Бұл жылы отбасылық мереке 8 қыркүйекке тұспа-тұс келді. Үстіміздегі жылдың 8 айында елімізде 43 мың жұп некелесіп, 265 мың сәби дүниеге келген.
Айта кетейік, ағымдағы кезеңде ең көп туу көрсеткіші Түркістан облысында – 30 973, Алматыда — 29 002, Шымкентте — 23 935 және Астанада – 23 330 бала тіркелді. Ал, Ұлытау облысы – 2 821, Солтүстік Қазақстан облысы — 4 313 көрсеткіштерімен туу көрсеткіші төмен өңірлер болып есептеледі.
Сонымен қатар, 8 айдың ішінде ең көп некелесу Алматы қаласында тіркелген. Бұл өңірде – 14 059 жұп тіркелсе, екінші орында Астана — 9 258, үшінші орында Түркістан облысы – 6 132 неке заңдастырылған. Ажырасу санынан да көш бастап тұрған Алматы мен Астана. Жыл басынан бері 13 710 отбасы ажырасуға ниет білдірді.
Еске сала кетейік, неке қию туралы өтініш 15 күнтізбелік күн бұрын берілу керек. Аталмыш қызмет электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы онлайн режимінде қолжетімді. Жас жұбайлар АХАТ бөлімінде некелерін салтанатты түрде қиятын болса, қосымша қызметке тапсырыс бере алады. Бүгінгі таңда бұл пилотты жоба Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Ақмола (Щучинск және Бурабай) облыстарында жүзеге асырылған.

Previous Post

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі - денсаулықты сақтаудың кепілі

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі