Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев күні кешегі жолдауында да балалардың қауіпсіздігінің өзектілігін атап өтті. Президент сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген.Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.
Мемлекет ана мен баланы қорғау және қолдау мәселелеріне үнемі көңіл бөліп келеді. Өйткені, мемлекеттік болашағы отбасына, ондағы ана мен баланың жағдайына да байланысты. Аналар баланы өмірге әкеліп мемлекеттің адам ресурсын толықтырса, балалар ертеңгі күні өсіп мемлекеттің болашағын жасаушыларға айналады. Жалпы дүниежүзінде ана мен баланың қауіпсіздігі мен жақсы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етудың маңыздылығы үнемі назардан тысқалған емес. Арнайы ұйымдар бұл мәселені зерттеп, жақсы жағына қарай дамытуды ұсынып отырады. Аталған зерттеу қорытындысы бойынша есеп Ұлттық статистика бюросының және UNICEF сайтында жарияланады Түркістан облысында UNICEF ұйымымен бірге әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап UNICEF ұйымы әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) жұмыстары басталады. Зерттеу жұмыстары Түркістан облысы бойынша – 824, ал ел бойынша 24 мың үйді қамтиды. Бұл туралы өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов баяндады. «Зерттеу жұмыстары Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) және Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі. 1996 жылдан бері 118 елде аталған зерттеу жүргізілген. Қазақстанда бұл жұмыстар төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. Зерттеудің негізгі мақсаты – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажетті негізгі көрсеткіштерді жинау. Сауалнама жұмыстарына қатысу әрбір тұрғынның өз еркінде. Аталған зерттеу қорытындысы бойынша есеп Ұлттық статистика бюросының және UNICEF сайтында жарияланады»-деп мәлімдеді спикер.