13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арменияның Қазақстандағы Елшісіне мемлекеттік награда табыс етілді

3 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Арменияның Қазақстандағы Елшісіне мемлекеттік награда табыс етілді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Арменияның Қазақстандағы Елшісі Армен Гевондянға Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде өткен марапаттау салтанатында Министр Армения Елшісінің достық қарым-қатынастар мен екі ел арасындағы көп қырлы өзара іс-қимылын дамытуға қосқан үлесін атап өтті және армян дипломатына екіжақты байланыстарды бұдан әрі нығайту ісінде жаңа табыстар тіледі.

Кездесу барысында Министр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. 14-15 сәуірде Ереванға жасаған тұңғыш ресми сапарының қорытындысы бойынша жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде А.Гевондян оның қызметіне жоғары баға бергені үшін
ҚР басшылығына зор ризашылығын білдірді және достық пен толық ынтымақтастық рухында қазақ-армян өзара іс-қимылын дамыту үшін қажетті күш-жігерін салуға дайын екенін растады.

Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы 1999 жылғы 2 қыркүйекте қол қойылған Достық және ынтымақтастық туралы шарттың 25 жылдығын атап өтті. Осыған байланысты екі елдің мемлекет көшбасшылары мен сыртқы саяси ведомстволарының басшылары құттықтау жолдауларымен алмасты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстандағы Еуропалық одақ Өкілдігінің жаңадан тағайындалған басшысы Алешка Симкич пен Эстония Республикасының елшісі Яап Орадан сенім грамоталардың көшірмелерін қабылдады.

Сұхбат барысында Ә. Қуантыров ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Еуропалық одақпен қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, аса жоғары және жоғары деңгейлердегі саяси диалогтың тұрақты сипаты мен өскен динамикасын, экономикалық ынтымақтастықтың және еліміздегі еуропалық инвестициялар көлемінің айтарлықтай артқанын хабарлады.

Сұхбаттастар көлік және логистика, жұмылғыштық, энергетика, аса маңызды шикізат материалдарын өндіру және пайдалану салаларындағы өзара іс-қимылды іске асырудағы практикалық қадамдарға ерекше назар аударды.

Өз тарапынан еуропалық дипломат Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік арнасында өзара іс-қимылды белсенді дамытуға дайындығын білдірді.

 

Previous Post

Қазақстан мен Словакия ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға ниетті

Next Post

Астанада «Көшпелілер Әлемі» этноауылы ашылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі