13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістаннан елордаға «Бірлік керуені» аттанды

2 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістаннан елордаға «Бірлік керуені» аттанды
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысынан 29 спортшы қатысады. Түркістан облысынан елордаға «Бірлік керуені» аттанды. Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған байланысты Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, түркістандық керуен елордаға жолға шықты. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, торсықты теңге ілуден ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, Әлем чемпионы, ҚР чемпионатының 10 дүркін, Ересектер арасында ҚР чемпионатының 15 дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі Ғалымжан Изжановқа тапсырды. Қатысушыларға жеңіс тіледі. «Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының өту бағыты спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалар бойынша жүзеге асады. Сондықтан, маңызды шараның өтуіне өңір спортшылары ғана емес, мәдениет және ғылым өкілдері де атсалысатын болады. Бұл жобада әр облыстың белігілі спортшылары бастаған керуен жергілікті жердегі қасиетті бұлақтар мен құдықтардан су алып, арнайы торсықпен Астана қаласына жеткізетін болады. Осыған орай, су алу рәсімін өткізуде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі Құдықханабұлақ көзі таңдалып отыр. Қазір ғана біздің спортшыларымыз бастаған арнайы топ құдықхана ішінен су алып, алдарыңызға келді. Мен осы орайда, көшпенділер ойындары өтетін негізгі алаңға облыстың ыстық сәлемін, қасиетті суды жеткізетін керуенге сәттілік тілеймін! Бұл додада ел намысын қорғайтын облыс спортшылары қуантарлық нәтиже көрсетеді деп сенемін», – деді облыс әкімінің орынбасары. Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрі бойынша өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы, бапкерлер мен өкілдер қатысып, негізгі жүлделерді сарапқа салмақ. Оның ішінде спорттың 13 түрі бойынша Қазақстан құрамасының сапында Түркістан облысынан 29 спортшы қатысады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Вице-министр тұрғындармен кездесті  

Next Post

Еуропалық одақ пен Эстонияның елшілері сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі