13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық пысықталды

1 сентября, 2024
in Жаңалықтар
0
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық пысықталды
Share on FacebookShare on Twitter

5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары қарсаңында Республикалық Құсбегілік федерациясының Президенті Берік Уәли ұлттық құрама спортшыларының қатысуымен жиналыс өткізді. Басқосуда жаһандық додада еліміздің намысын қорғайтын құсбегілердің дайындығы пысықталды,

Елордада өткен жиынға Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли, вице-президенттер – Жанжігіт Омархан мен Бағдат Мүптекеқызы, сондай-ақ атқарушы директор Базарбек Күнтуған және құсбегі спортшылар қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында құсбегілік сайысы бойынша бақ сынайтын ұлттық құраманың дайындығы. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын құсбегіліктен тоғыз спортшы қорғайды. Олар: бүркіт құсы бойынша – Серікбек Кунтуган, Ерзат Байкадамов, Арман Кушкаров, қаршыға құсы бойынша – Дәурен Аршабай, Бағдат Кеуенов, Құдайберген Рауилұлы және ителгі құсы бойынша – Ерлан Кенжетаев, Бақдәулет Бабажан, Ибрагим Базарбаев.

Жыл басынан бері ұлттық құрама сапындағы құсбегілер үшін Алматы қаласы мен Ақмола облысында екі оқу-жаттығу жиыны өткен еді. Үшініші оқу-жаттығу жиыны Астана қаласында 27 тамыздан 7 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақ спортшыларының Көшпелілер ойындарына дайындығы федерация президентінің жеке бақылауына алынған.

«Еліміздің төрінде төрткүл дүние көз тіккен үлкен іс-шара өткелі жатыр. Осы дүбірлі додада ел туын сеніп тапсырған спортшыларымызға федерация атынан сәттілік тілеймін. Шапқан аттың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр даланың иесін, қыран баптап, құс салған бегзада өнердің киесін танытатын сәтте аянып қалмайық. Мемлекет басшымыз бен бүкіл ел бізге сенім артып отыр», деді Құсбегілік федерациясының президенті.

Сонымен қатар Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында медальдік міндеттемелер мен қосымша сыйақы мөлшері жарияланды.

Белгілі болғандай, V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары дирекциясының атынан жеке спорт түрлерінде жеңімпаздар – бірінші орын үшін 500 мың теңге, екінші орын иеленгендер – 300 мың теңге, қола жүлдегер – 200 мың теңгеден алады. Бұдан бөлек, дүбірлі додада құсбегіліктен Қазақстан қоржынына медаль салған ұлттық құрама мүшелеріне федерация президентінің атынан арнайы сыйақы берілетіні айтылды. Яғни, бірінші орын үшін – 1 000 000 теңге, 2-орынға – 500 000 теңге, 3-орынға – 300 000 теңге тігіліп отыр.

Айта кетейік, құсбегіліктен жарыс қыркүйектің 12-13 күндері Астананың этноауыл аумағында өтеді.

 

Previous Post

Берлинде стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-отырысы өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: Вице-министр тұрғындармен кездесті  

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі