13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫҰ Астана саммитінің қорытындысы Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысында талқыланды

29 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫҰ Астана саммитінің қорытындысы Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысында талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Мұқышев бастаған қазақстандық делегация Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ҰҮК) отырысына қатысты.

Аталған отырыс 2024 жылғы шілдедегі Астана саммитінен кейінгі бірінші жоғары деңгейдегі ШЫҰ іс-шарасы болды. Делегация басшылары Астанада өткен саммитте қабылданған Мемлекет басшылары кеңесінің шешімдерін іске асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалық етуінің алдағы іс-шараларын ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты.

«Астана саммиті және оның қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер Ұйымның даму тарихындағы шешуші сәт болды. Қазақ тарапы ШЫҰ тиімділігін нығайту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды ілгерілету жөніндегі белсенді жұмысқа бағытталған және алдағы іс-шараларды мазмұнды толықтыру бойынша Қытай төрағалығына қажетті қолдау көрсетуге дайын», – деді ШЫҰ мәселелері жөніндегі Қазақстанның ұлттық үйлестірушісі М. Мұқышев.

Сонымен қатар қауіпсіздік, сауда, инвестициялар, көлік, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ШЫҰ елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылды.

Бұл ретте ағымдағы жылдың күзінде өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары (премьер-министрлер) кеңесінің алдағы отырысының жан-жақты дайындығына ерекше назар аударылды.

Ұлттық үйлестірушілер кеңесі – ШЫҰ-ның ағымдағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және Ұйымға мүше мемлекеттердің тиісті министрліктері мен ведомстволарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ШЫҰ-ның жарғылық органы. Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің соңғы отырысы 2024 жылғы 29 маусым — 2 шілде аралығында Астанада өтті.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Этносаралық татулыққа негізделген семинар өтті

Next Post

Берлинде Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-ші отырысы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі