13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Берлинде стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-отырысы өтті

28 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Берлинде стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-отырысы өтті. Кеңестің тең төрағасы Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, неміс тарапынан Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс болып табылады.

Отырысқа екі елдің негізгі салалық министрліктерінің, іскерлік бірлестіктер мен қауымдастықтардың, сондай-ақ ондаған қазақстандық және неміс компанияларының өкілдері қатысты.

Германияның ауылшаруашылық техникасын өндірушілер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және German Agribusiness Alliance, Siemens, Siemens Energy, Deutsche Bahn, KfW Banken Gruppe, Deutsche Bank, Helaba, Euler Hermes, DF Deutsche Forfait, CT Agro, CLAAS KGaA, Svevind Energy, Flight Design General Aviation сияқты елдің ірі қаржы институттары қатысуға үлкен қызығушылық танытты.

Отырыс барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвестициялар тарту және агроөнеркәсіптік кешен мен қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Тең төрағалар Германияның Федералды канцлері Олаф Шольцтың Астанаға қыркүйек айында сапары қарсаңында өтетін іс-шараның ерекше маңызын атап өтті.

Германия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең ірі сауда серіктесі екені, ал Қазақстан Германияның жетекші 50 сыртқы сауда серіктесінің қатарына кіретіні атап өтілді.

Неміс инвестицияларының үлкен үлесі «шикізаттық емес» секторға, атап айтқанда, қайта өңдеу өнеркәсібіне, химия саласына, құрылыс материалдарын өндіруге, көлік пен агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі.

ҚГІК шеңберінде тараптар 10 құжатқа, оның ішінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге, Саарбрюккен Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «KAZAKH INVEST» ҰК» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға, қазақстандық және германдық компаниялар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға, сондай-ақ Flight design Kazakhstan зауытын салу туралы уағдаластыққа қол қойды.

Анықтама: Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесі екі елдің іскер топтарының тұрақты үйлестіру-кеңесші органы және 2010 жылдан бастап Қазақстан экономикасына неміс инвестицияларын тартудың тиімді тетігі болып табылады. Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен жұмыс істейтін 752 кәсіпорын бар.

 

Previous Post

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Бүгінгі жетістік – ертеңгі жеңістеріміздің бастауы

Next Post

Үкімет АЭС салу бойынша референдум өткізуге қатысты қаулы қабылдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі