13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанның Еуропа елдерімен ынтымақтастығы нығаюда

27 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанның Еуропа елдерімен ынтымақтастығы нығаюда
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко өзекті ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Словакия, Ұлыбритания және Франция елшілерімен жұмыс кездесулер өткізді.

Словакияның Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнагпен кездесуде өзекті саяси және экономикалық мәселелер, сондай-ақ түрлі салалардағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Машина жасау және білім салаларындағы екіжақты әріптестікті тереңдетуге бағытталған жаңа бастамалар мен жобаларға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы экономикалық әріптестіктің оң серпінін атап өтті. Былтыр екіжақты тауар айналымының 13,3%-ға өсіп, 138,9 млн АҚШ долларына жетуі екі ел іскерлерінің экономикалық байланыстарды дамытуға қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Кэти Личпен сұхбат барысында қазақ-британ байланыстарының оң динамикасы аталып өтті. Р. Василенко екіжақты ынтымақтастықтың мол күн тәртібіне назар аударып, қазақ тарапының Астана мен Лондон арасындағы диалогты одан әрі тереңдету ниетін білдірді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, орта және жоғары білім саласындағы байланыстарды арттырудың маңыздылығы айтылды.

Дипломаттар жақында Астанада қол қойылған Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді уақытылы ратификациялаудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.

Сұхбат барысында өңірлік, халықаралық күн тәртібі мәселелеріндегі, соның ішінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су ресурстарын басқару саласындағы қазақ-британ өзара іс-қимылының келешегі де талқыланды.

Р. Василенко Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталған Француз Республикасының Елшісі Дидье Канессті де қабылдады.

Министрдің орынбасары Елшіге қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Астана мен Париж арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогтың қарқынын атап өтті.

Өзара сапарлардың жоғары серпінін сақтаудың және әсіресе инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, климат және білім салаларында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы аталды.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Венгриялықтар құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр

Next Post

Спорт қауымдастықтары мықты спортшыларды іріктеудің оңтайлы жолын таппай келеді - Президент

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі