13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Тайланд Премьер-Министрінің орынбасары инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегін талқылады

15 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Олжас Бектенов пен Тайланд Премьер-Министрінің орынбасары инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Тайланд Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары Пхамтум Вечайячаймен кездесуі барысында сауданы дамытуға, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және қазақстандық өнім экспортын ұлғайту перспективаларына қатысты екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды.

2023 жылы Қазақстан мен Тайланд арасындағы тауар айналымы $367 млн-ға жетті. Тараптар Корольдікке жеткізілетін отандық агроөнеркәсіп кешені тауарларының түрлерін кеңейту мүмкіндігін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан ет, көкөніс пен жеміс, дәнді дақылдар, ұн өнімдерін, өсімдік майларын және басқа да АӨК өнімдерін экспорттауға мүдделі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және дистрибуциялаудың тиісті инфрақұрылымы бар ұлттық тауар өткізу жүйесін дамытып жатырмыз. Бұл біздің елімізде агро азық-түлік хабын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Осы мәселеде Қазақстан мен Тайланд арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің келешегі зор әрі бұл екі жаққа да тиімді», — деп Олжас Бектенов, Қазақстан мен Тайландтың тиісті инвестициялық жобаларды іске асырудағы кең мүмкіндіктерін атап өтті.

Өз кезегінде, Пхамтум Вечайячай Тайланд пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға сенім білдірді.

«Бүгін таңертең біз экономикалық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойдық. Бұл құжат әртүрлі салалардағы, соның ішінде сауда, экономика және инвестициялардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді деп санаймын», — деді Пхамтум Вечайячай.

Кездесу барысында Тайланд Үкіметінің Қазақстан азаматтарына визасыз режим ұсынуымен қатар, туризм саласындағы қатынастардың оң даму динамикасы атап өтілді. Пхукетте Консулдық пунктінің ашылуы Тайланд аумағында жүрген қазақстандықтарға қажетті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Транскаспий бағытын дамыту аясында Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалану мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірді.

Previous Post

Мемлекет басшысы Ербол Қарашөкеевті қабылдады

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі