13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қытайлық компания Қазақстанда тау-кен металлургия саласында жобаны жүзеге асырады

15 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қытайлық компания Қазақстанда тау-кен металлургия саласында жобаны жүзеге асырады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев қытайлық «Zijin Mining Group Co. Ltd» компаниясының төрағасы Чен Цзинхэмен кездесті. Кездесу барысында тараптар компанияның Қазақстандағы алтын, мыс және полиметалл кен орындарын игеру жөніндегі инвестициялық жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.

«Zijin Mining» өкілдері қолайлы кен орнын іздеу барысы туралы айтты. Бастапқы кезеңде инвестициялар көлемі 100 млн АҚШ долларын құрайды. Қарастырылып отырған жобалар шеңберінде компания кейіннен металдарды балқыту үшін Қазақстанның металлургиялық зауыттарына жіберілетін түсті және бағалы металдар концентраттарын өндіру үшін байыту фабрикасын салуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру кемінде 1000 жұмыс орнын ашады және шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Бұдан басқа компания жаңа учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниетті, бұл Қазақстанның минералдық-шикізат базасын ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Ә. Қуантыров қытайлық инвесторларды ҚР инвестициялық ахуалы және мемлекеттік қолдау шаралары, атап айтқанда, инвестициялық келісімдер тетігі және металлургия секторындағы преференциялар туралы хабардар етті.

«Біз тау-кен өнеркәсібінің бағытына жоғары мән береміз. ҚР геологиялық саласын дамыту тұжырымдамасы ел экономикасы үшін пайдалы қазбаларды барлау мен өндірудің ерекше маңызын атап өтеді. Біз сіздердің жобаңызды ҚР аумағында сәтті жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», – деді министрдің орынбасары.

Өз кезегінде компания өкілдері қазақстандық тарапқа уақыт бөлгені үшін алғыс айтып, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екендігін білдірді.

Қытайлық «Zijin Mining» компаниясы – алтын мен түсті металл ресурстарының ең үлкен көлемін иеленетін және Қытай тау-кен өнеркәсібінде металл минералды өнімдерінің ең көп көлемін өндіретін трансұлттық тау-кен конгломераты. Компания 12 елде және ҚХР-дың 14 өңірінде 30-дан астам ірі тау-кен өндіру жобаларын іске асыруда. 2022 жылы компанияның капиталдандыруы 47 млрд АҚШ долларынан асты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша компанияның мыс ресурстары 96 млн тоннаны құрады. Катодты мыс өндірісі 720 мың тоннаға, ал тазартылған алтын өндірісі 250 тоннаға дейін жетті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «ҚОҒАМДЫҚ ЭКО-БАҚЫЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

Мемлекет басшысы Qarmet металлургиялық комбинатына барды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі