13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкент : Материалдық-техникалық базаны 72,5 пайызға дейін жақсарту жоспарлануда

25 января, 2021
in Денсаулық
0
Шымкент : Материалдық-техникалық базаны 72,5 пайызға дейін жақсарту жоспарлануда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов 2021 жылғы атқарылатын жұмыстардан хабардар етті. Басқарма басшысы қаладағы медициналық жәрдем сапасын арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, инфрақұрылымды дамыту, тұрғындар арасында аурушаңдықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытындағы негізгі жұмыстарды баяндады.

Биыл қалада денсаулық сақтау саласындағы материалдық-техникалық базаны 72,5 % пайызға дейін жақсарту, ана өлімін 53,2 пайызға, нәрестелер өлімін 9,88 пайызға дейін төмендету жоспарлануда.

Бүгінде қалада стационарлар 59,4 пайыз, босандыру ұйымдар 74 пайыз, амбулаториялық-емханалық ұйымдар ғимараттарының 68,6 пайызы тозған. Сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында 5 емхана, 12 дәрігерлік амбулатория, 1 реабилитациялық орталық салынуы қажеттілігі сезілуде. 1 көпбейінді аурухана, 1 перинаталдық орталық, 1 емхана күрделі жөндеуді қажет етеді.

Шаһарда медицина саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру көзделуде. 2020 жылы 19 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген: қағаз түрінде – 3, электронды түрде – 16.

Сондай-ақ, басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықа қарсы іс-қимыл жоспарларын ұсынды. Бұл ретте салада дәрігерлердің бос орындарға жұмысқа қабылдау туралы алгоритімін жасақтау, медициналық қызметтер мен анықтамаларды автоматтандыру жұмыстарын стандарттарға сәйкестендіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, деректер базасына бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақтылы енгізу, жұмысқа қабылдау алгоритмін енгізу жобаларын іске асыру ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзденсаулық сақтауПозилов.Шымкент
Previous Post

Түркістан облысында медиация институтын дамытуда

Next Post

«HR-process»: 2 мыңнан аса үміткердің өтініші қабылданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі