13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандықтардың мәселелері шешімін тауып жатыр

9 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістандықтардың мәселелері шешімін тауып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Тиісті жұмыстарды жүргізу үшін облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар берілген. Түркістан өңірінде әрбір өтінішке баса назар аударылады. Түркістан өңірінде жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің қаралуы талданып, әрбір өтінішке баса назар аударылады. Бүгінде тиісті жұмыстарды жүргізу үшін облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар берілген. Ай сайын облыс әкімі аппараты тарапынан мониторинг жүргізіледі. Өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің мәліметінше, биылғы І жартыжылдық қорытындысымен жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 30 мыңнан астам жолданым түскен. Барлығы заң аясында қаралып, басым бөлігі шешімін тапқан. Нәтижесі бойынша тиісті шаралар қаралған. Қолайлы әкімшілік акт қабылданып, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес шешім шығарылған. Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өңір тұрғындарына Түркістан облысының әкімі бекіткен кестеге сәйкес жеке қабылдау өткізіледі. Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы айына бір реттен қабылдап отырады. Жыл басынан бері жалпы 1 мыңға жуық азамат жазылған. 45 қабылдау өткізілген. Оның ішінде облыс әкімі жеке мәселелері бойынша 20-дан астам қабылдау өткізіп, түркістандықтарды тындады. Жеке қабылдауда болған азаматтар түрлі салаға қатысты 564 мәселені көтерген. Өтініш берушілердің белсенділігінің көрсеткіші жоғары аймақтар Мақтаарал ауданы, Түркістан қаласы, Сайрам және Сарыағаш ауданы. Көтерілген мәселелердің дені жер қатынастары, білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, әлеуметтік және жұмыспен қамтуға, инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығына қатысты. Несие мен қайтарымсыз грант, кәсіпкерлік туралы да жұмыс реттілігі түсіндірілді. Ал сирек түсетін сұрақтар қатарында спорт, мәдениет және экология салалары бар. Өткізілген жеке қабылдаулардың қорытындысы бойынша облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінің тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың мәселесі оң шешілген. Айта кетейік, облыс әкімі аппаратының жанынан ашылған Азаматтарды қабылдау орталығы өткен жылы іске қосылды. Маңыздылығы халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге оң серпін береді. Онда мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен орынбасарларының жеке қабылдауларына жазылып, кезектілік ретімен өзінің мәселелерін ашық және тікелей бөлісу мүмкіндіктері қарастырылған. Осыған орай, Әкімдік тарапынан өңірлік аудан, қалалардағы осындай орталыққа келген азаматтар «ХҚКО» АЖ бірыңғай электрондық кезегіне тіркеледі.

Previous Post

Түркістан облысы мен «Узтекстильпром» меморандум жасады

Next Post

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі