Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңТүркістан облысы бойынша департаменті қызметініңбасым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметкөрсету сапасын бағалауды және мемлекеттікбақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындаумақсатында және Түркістан қаласының тұрғыныныңарызы негізінде, аталған шағымды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында тиістімемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы
1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Анықталғандай, қызмет алушымен «Е-лицензия» порталы арқылы тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне қосымша жер учаскесін сатып алуға тиісті мемлекеттік органға өтініш берілген.
Алайда, қызмет көрсетуші тарапынан өтінішіке жер учаскесін көгалдандыру үшін 3 жыл мерзімге жалға берген.
Демек, қызмет көрсетуші тарапынан қолданыстағы заңнама талаптары сақталмай, қызмет көрсету нәтижесі сұралып отырылған мақсатқа сай емес ұсынылғаны анықталды.
Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде, қызмет алушымен аталған мемлекеттік қызметті алу үшін қайта өтініш беріліп, Департаменттің ықпалымен 2024 жылғы 21 тамызда жер учаскесіне қосымша жер учаскесін мемлекеттік бағасымен сатып алу туралы қаулы ұсынылды.
Осылайша, қызмет алушының бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.
Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше,
16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыз.
Гүлнұр ЕДІЛҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы