13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Өзбекстанға ай сайын 20-30 тонна шай жеткізіп отырмақ

9 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Өзбекстанға ай сайын 20-30 тонна шай жеткізіп отырмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада өткен қазақ-өзбек бизнес форумында 43,5 млн доллардың құжатына қол қойылды. Іс-шараға қос тараптан 400-ден астам адам қатысты.

Форум аясында қазақстандық және өзбекстандық кәсіпкерлер В2В форматында екіжақты кездесулер өткізіп, агроөнеркәсіптік кешен, сауда, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс және тағы басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бизнес форумы барысында лифт индустриясы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстанның лифтер ұлттық қауымдастығының президенті Ержан Игібаев өзбек әріптестерімен бірлескен кәсіпорын ашуға келістік дейді.

«Форум аясында лифт өндірісі бойынша бірлескен қазақ-өзбек кәсіпорнын құруды қамтитын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Сондай-ақ, Қазақстанның лифт паркін диагностикалау үшін диспетчерлік орталық құруға және лифт саласындағы қызметтердің сапасын арттыратын бірыңғай стандарттар мен техникалық регламент әзірлеуге келістік», — дейді ол.

Өзбекстандық кәсіпкер, «Технопарк» ЖШҚ бас директоры Сарвар Ахадов лифт шығару саласында тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.

«Еуропалық стандартпен лифт пен диспетчерлік жүйе өндіру саласындағы тәжірибе алмасуға қуаныштымыз. Жақын арада өндірісті бастау үшін көлемі мен аумағын анықтаймыз. Бүгін біз газды автоматтандырылған есепке алу жүйесін енгізу және Қазақстанда лифт өндіру туралы екі келісімге қол қойдық. 18 айда аталған жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», — дейді Сарвар Ахадов.

Сондай-ақ, көрші елді шаймен қамту көзделіп отыр.

Қазақстандық Unitea шай фабрикасы Өзбекстанның ең ірі сауда желісі «Корзинка» компаниясымен ай сайын 20-30 тонна шай жеткізу туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінде компания Ресей, Қытай және Қырғызстанды қоса алғанда, сыртқы нарықта өз кәсібін жүргізіп отыр.

2023 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 4,4 миллиард АҚШ долларына жетті.

Өзбекстан Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 7-ші орында және Қазақстанның Орталық Азиямен тауар айналымының 57%-дан астамы осы елге тиесілі.

 

Previous Post

«Бәйтерек» холдингінде пилоттық отандық экополияларды құру туралы меморандумға қойылды

Next Post

Астанада Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтіп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі