13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Израиль Қазақстанда су қоймаларының құрылысына инвестиция салуға ниетті

9 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Израиль Қазақстанда су қоймаларының құрылысына инвестиция салуға ниетті
Share on FacebookShare on Twitter

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Израильдің ірі компанияларымен келіссөз жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Value LBH компаниясының басқарушы серіктесі және Dan Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Шимон Бен Хамо бастаған су ресурстарын басқару саласындағы жетекші израильдік компаниялардың консорциумымен кездесті.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

«Тараптар су саласының түрлі бағыттары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау, бірлесіп кадр даярлау жөнінде сөйлесті», — делінген хабарламада.
Израильдік бизнесмендер Қазақстанда су қоймаларын салу және реконструкциялау жұмыстарына инвестор ретінде қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Бұдан бөлек, израиль компаниялары су тасқынын болжау және одан қорғанудың заманауи жүйелерін ұсынуға дайын.

Сонымен қатар, тараптар су үнемдеу технологияларын енгізу, суды тазарту және қайта пайдалану, ауыз судың сапасын бақылау, су ресурстарын бөлу мен есепке алуды автоматтандыру мәселелері бойынша да серіктестік орнату жөнінде әңгімелесті.
Нұржан Нұржігітов кадр даярлау мәселесіне жеке тоқталып, еліміздегі су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру бойынша бірлескен бағдарлама әзірлеу жөнінде бастама көтерді. Сондай-ақ, жоспарланған жобалар бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Біз нәтижелі ынтымақтастыққа ниеттіміз. Израильдік компаниялардың суды сапалы басқаруда мол тәжірибесі мен заманауи технологиялары бар. Кейбір компаниялар Қазақстанда бұрыннан бері табысты жұмыс істеп келеді. Біз барлық салада суды барынша тиімді пайдалануға ниеттіміз, сондықтан серіктестігіміз өзара тиімді болатынына сеніміміз мол», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Previous Post

Түрікменстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды

Next Post

«Бәйтерек» холдингінде пилоттық отандық экополияларды құру туралы меморандумға қойылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі