13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Орталық Азиядағы су мәселесі өңірдің азық-түлік қауіпсіздігімен тығыз байланысты – Мемлекет басшысы

9 августа, 2024
in Uncategorized
0
Орталық Азиядағы су мәселесі өңірдің азық-түлік қауіпсіздігімен тығыз байланысты – Мемлекет басшысы
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне жариялаған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында өңірдегі су мәселесіне тоқталды.

«Соңғы жылдары аймақтағы барлық ел су тапшылығын көріп отыр. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын төмендетіп, халыққа едәуір залалын тигізді. Осы ретте Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) аса маңызды су-энергетикалық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талқылау және шешу жолындағы бірегей өңірлік құрылым ретінде айрықша рөл атқаратынын атап өткім келеді. Су мәселесі өңірдің азық-түлік қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Сондықтан Қазақстан ХАҚҚ-тың қазіргі төрағасы ретінде осы қордың аясындағы ынтымақтастықты жандандыруды, сондай-ақ азық-түлік мәселесін де қамти отырып, Халықаралық су-энергетика консорциумын бірге құруды ұсынды. Біздің еліміз бұл мәселелерді шешу жолындағы сындарлы әрі ашық диалогке қашанда қолдау білдіреді», — деп жазады Президент.

Мемлекет басшысы Қырғызстандағы «Қамбар ата 1» ГЭС-і мен Тәжікстандағы «Рогун» ГЭС-інің құрылысы бүкіл өңір үшін энергетика саласындағы ғасыр жобасына айналуы мүмкін деп есептейді.

«Бұл нысандарды салу барлық тарапқа жан-жақты ықпал етеді», — дейді мақала авторы.

Барша адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету ісіне әлі де жалғасып жатқан геосаяси дағдарыстар кесірін тигізіп отыр. Орталық Азия елдерінің сыртқы факторларға тәуелділігін азайту үшін осы бағытта өзара үйлестірілген шаралар қабылдау қажеттігі туындады. Сол үшін Қазақстан Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын жасап, бес ел арасында талдау жүргізіп, деректер алмасатын бірыңғай ақпараттық платформа қалыптастыруды ұсынды.

Жаһандық климаттың өзгеруінің салдарын азайтатын маңызды қадам – «жасыл» экономикаға көшу. Өңір елдерінде жаңартылатын энергетиканың өздеріндегі үлкен табиғи әлеуетін іске асыруға ұмтылыс бар. Мәселен, Қазақстан 2030 жылға қарай ЖЭК үлесін 15 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ал 2060 жылға қарай біз көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниеттіміз.

Жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалану парниктік газ шығарындыларын азайту арқылы қоршаған ортаға пайдасын тигізіп қана қоймай, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Білім, ресурс және озық тәжірибелер алмасуды жалғастыру осы саладағы ынтымақтастықты нығайта түсуге септігін тигізеді.

 

Previous Post

ИНВЕСТЖОБА: Шымкентте орта азиядағы ең ірі жылыжай кешенінің капсуласы салынды​

Next Post

Түрікменстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі