13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент: Орталық Азия – жаһандық деңгейдегі жаңа орталыққа айналады

8 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Президент: Орталық Азия – жаһандық деңгейдегі жаңа орталыққа айналады
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді мақаласы жарық көрді. Президент мақаласында Орталық Азия елдерінің жаһандық дамудың жаңа кезеңіндегі әлеуметтік, саяси, рухани, экономикалық басымдықтарына тоқталып, елдер арасындағы өзара түсіністікті жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне тән бейбітшілікті сақтау ұмтылысы мен құрлықта өркениетаралық диалог орнатуы халықтардың ғасырлар бойғы үлесі екенін атап өтті. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің жаһандық маңызды Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының маңызды қарарларының тең авторлары атануы да, аймақтағы ілгерілеудің жарқын мысалы екенін айғақтады. Президент мақаласында Орталық Азия саяси тұтастық пен ынтымақты бекемдеу бағытында жаңа формат тауып, диалог алаңына айналғанына баса назар аударған.

«ОА плюс» форматындағы жаңа диалог орындарының пайда болуы Орталық Азияның халықаралық саясат субъектісі ретіндегі саяси салмағы арта түскенін аңғартады. Осыған дейін мұндай форматта 9 саммит және жоғары деңгейдегі кездесу өтті. Кейінгі екі жылда «ОА – РФ» (Астана), «ОА – ҚХР» (Сиань), «ОА – АҚШ» (Нью-Йорк), «ОА – ГФР» (Берлин) бірінші саммиттері, ОА және Еуропалық Одақ мемлекеттері басшыларының екі кездесуі (Астана, Шолпан-Ата), «ОА – ПШАМЫК» (Жидда) бірінші саммиті, сондай-ақ «ОА – Үндістан» саммиті (онлайн форматта) өткізілді. Биыл Астанада алғаш рет «ОА – Жапония» саммиті өтеді. Осы форматтағы өзара ықпалдас­тыққа басқа да елдер, халықаралық ұйым­дар қызығушылық танытып отыр­ғанын атап өткен жөн. Осылай­ша, өңірдің әлемдік арена субъектісі ретіндегі орнын бекітуге маңызды қадам жасалып жатыр», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлект басшысы Орталық Азия елдерінің сан саладағы толайым табыстарын дәстүрлі құнды­лық­тарды ұстану жолымен байланыстырған. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің географиялық, экономикалық, зияткерлік мүмкіндіктері жаңа белестерді бағындыруға қауқарлы екенін ерекше атап өткен.

«Өңірдің экономикалық салма­ғы­ның арта түсуі, инновациялар үшін ашық болуы және зияткерлік әлеуеті оның қазіргі заманғы әлем­дік құрылымның негізгі қозғау­шы күштерінің біріне айналуына мүмкіндік беретін алғышарттарды қалыптастырады. Біздің мемлекет­теріміздің бұған қажетті барлық ресурсы мен мүмкіндігі бар. Сыртқы әріптестерімізбен бір­лесіп жүргізетін өңірлік жобалар аясындағы ортақ ұстанымдарымызды диалог алаңдарында жан-жақты ілге­рілету үшін күш біріктіру мәселесі ерекше назар аударуға лайық. Орталық Азияны Еуропа мен Азияның арасындағы көпір ретінде ғана емес, халықаралық қатынастар саласында жаһандық деңгейдегі жаңа орталыққа айналуға қабілетті жеке ойыншы ретінде танытатын уақыт келгеніне сенімдімін», деп жазды Президент.

 

Previous Post

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты

Next Post

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдағы он жыл біздің аймақтың болашағын айқындайтын кезең

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі