13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды өндіріс орнын ашуға ниетті инвесторлармен кездесті

7 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Дархан Сатыбалды өндіріс орнын ашуға ниетті инвесторлармен кездесті
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алдымен Қытай инвесторларымен кездескен өңір басшысы зауыт, өндіріс орнын ашуға мемлекет тарапынан инфрақұрылым жағынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Дархан Сатыбалды Түркістанда өндіріс орнын ашуға ниетті инвесторлармен кездесті. Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы ізденістер мен жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет инвесторларды қабылдап, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді. Алдымен Қытай инвесторларымен кездескен өңір басшысы зауыт, өндіріс орнын ашуға мемлекет тарапынан инфрақұрылым жағынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. «Облысымызда арнайы экономикалық аймақ, аудан, қалаларда индустриалды аймақтар бар. Біз өз тарапымыздан инвесторлар мен кәсіпкерлердің бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз», – деді Дархан Сатыбалды. Кездесуде Түркістан маңында тұрмысқа қажетті тазалық заттарын шығаратын өндіріс орнын ашу және өзге де жобаларды жүзеге асыру жөнінде келіссөз жүргізілді. Одан кейін Дархан Сатыбалды «QazaqPlast» ЖШС-нің басшыларымен кездесті. Кәсіпкерлер Түркістан қаласында жаңа кәсіпорын ашуға ниетті. «QazaqPlast» – Қазақстан Республикасы бойынша бір рет қолданатын ыдыстар, фудкорттарға қажетті ыдыс-аяқ және полиэтилен пакеттер шығаруда көшбасшы компания. Алдағы уақытта Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында бір жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Облыс әкімі жауапты басшыларға жаңа жобаларды сүйемелдеу, қолдау көрсету жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Цзиньхуа – Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы қала аймағы әрі шығыс Қытайдағы ірі логистикалық орталық. Сауда-саттық, ауыр және жеңіл өнеркәсіп ошағы. Халық саны 80 миллион адамнан асады. Жалпы ішкі өнім көлемі 1 трлн15 млрд АҚШ долларынан жоғары. Мұнда цифрлық экономиканы, онлайн бөлшек сауданы және трансшекаралық электрондық коммерцияны белсенді дамытуда. Қытайлық және әлемдегі халықаралық электрондық коммерция алпауыттары бұл өңірде өздерінің кеңселері мен қойма кешендерін құруда. 2017 жылдан бастап Цзиньхуаны Орталық Азиямен, Ресеймен, Польшамен, Венгриямен, Германиямен және Нидерландымен байланыстыратын Қытай-Еуропа теміржол жүк тасымалының маңызы артты.

Previous Post

«Қазақстан – Өзбекстан» бизнес форумы өтті

Next Post

Кәсіпкерлерге қатысты заң талаптарын сақтау маңызды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі