13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ерлан Қарин: Қазақстан мен Өзбекстан ауқымды өзгерістер жолында сеніммен қадам басып келеді

5 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Ерлан Қарин: Қазақстан мен Өзбекстан ауқымды өзгерістер жолында сеніммен қадам басып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен бірге Zakovat зияткерлік клубы ұйымдастырған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Қарин Zakovat жобасы екі ел арасын жалғаған тағы бір алтын көпірге айналғанын және екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда прогрессивті құндылықтар мен ұстындарды, білім культін, кәсіби шеберлікті құрметтеу дағдысын орнықтыру қажеттігі туралы ұдайы айтып келе жатқанына назар аударды. Соңғы жылдары Қазақстанда педагогтердің, дәрігерлердің, мәдениет және өнер қайраткерлерінің мәртебесін көтеруге, креативті индустрияны қолдауға қатысты нақты шаралар қабылданғанын, сондай-ақ жас ғалымдардың зерттеулері мен тағылымдамадан өтуіне арналған грант саны артқанын, Президенттік жастар кадрлық резерві құрылғанын айтты. Аталған құндылықтар мен бастамалар Zakovat клубының идеологиясымен үндеседі.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Өзбекстанның ауқымды өзгерістер жолында сеніммен қадам басып келе жатқанын жеткізді.

Ерлан Қарин сөзін қорытындылай келе, екі мемлекет арасындағы көпжақты ынтымақтастық бауырлас халықтардың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Саида Мирзиёева өз сөзінде жастар әрдайым жасампаздық үдерістерінде маңызды рөл атқарып, өркениеттің басты қозғаушы күші болатынын айтты. Осыған байланысты ол Zakovat жобасының екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық серіктестікті кеңейтудегі маңыздылығын атап өтті. Саида Мирзиёеваның айтуынша, мұндай жобалар Орталық Азия елдерінің адами капиталының сапасын арттыруға оң ықпал етеді.

Сонымен қатар өзбек делегациясының басшысы Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің белсенді саяси диалогы Орталық Азияның қауіпсіз, өркендеген аймақ ретіндегі статусын нығайтуға септігін тигізетінін айрықша атап өтті.

 

Previous Post

Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде барлық мақсат-міндетті толығымен орындады - Президент

Next Post

Қазақстан жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуда: Женевадағы ЯҚТШ екінші Дайындық комитетінің нәтижелері

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі