13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Биология пәнінен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиада биыл алғаш рет Қазақстанда өтеді. Үкіметте «IBO-2024» атты білім додасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Internetional biology оlympiad» әлемдегі топ-7 пәндік жарыстардың қатарына кіреді. Қазақстандық оқушылар бұл сайысқа 28 жыл бойы тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 70-тен астам түрлі наградаларға ие болды: 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль. Осындай жетістіктерді ескерген халықаралық ұйымдастыру комитеті олимпиаданы Астанада өткізуді ұйғарды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, биылғы додада ел намысын 4 дарынды оқушымыз қорғайтын болады.

«Елордада өтетін халықаралық олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен олардың 275 жетекшісі келмек. Жарыс талаптарына сай, ұйымдастыру және ғылыми комитеттер құрылып, арнайы www.ibo2024.kz сайты әзірленген. Демеушілер есебінен теориялық және тәжірибелік кезеңдерге қажетті құрылғылар сатып алынды. Олимпиада кезінде 80-нен аса волонтер қолдау көрсетпек», — деді Еділ Оспан.

 

Негізгі зияткерлік турнирден бөлек, қатысушылар үшін елорда мен Ақмола облысының көрікті жерлері бойынша тур қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстанның тарихымен және ұлттық өнерімен танысу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тамара Дүйсенова халықаралық олимпиаданың маңыздылығына тоқталып өтіп, оны ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктеді.

«Олимпиаданың Қазақстанда өткізу оқушыларымыздың білім деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Сайыс белгіленген талапқа сай өтуі үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Басқа елдерден келген оқушыларды қабылдай отырып, біз үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Білім додасына қатысатын балалардың орналасқан жеріндегі, олимпиада өтетін орындағы санитарлық талаптардың сақталуына, тасымалдау кезіндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырамын», — деді Тамара Дүйсенова.

Previous Post

Қытайдың жеті ірі компаниясы Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі

Next Post

Алматы облысынан Қытайға ет өнімдерінің экспорты басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі