13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жеке секторды дамыту ғана өсімге әсер етеді

26 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Жеке секторды дамыту ғана өсімге әсер етеді
Share on FacebookShare on Twitter

Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша экономисі Хулио Ревилла мамыр айында журналистермен кездескен кезде мұнай барлық мәселені шешіп бере алатын сиқырлы таяқша емес екенін, сол себепті, жеке секторды нығайтуға бағытталған ауқымды реформалар қажет екенін айтты. Оның айтуынша, мұнайға деген сұраныстың өсуі экономикаға уақытша әсер етеді. Жеке секторды дамыту ғана өсімге серпін бермек. Үкімет те реформалар жүргізуге ынталы. Дамыған елдердің тәжірибесін талдап, жер қойнауы саласындағы заңнамалық базаны жетілдіре бастады. Әрине, энер­ге­тикалық сектор, көмір өндіру және мұнай-газ өнеркәсібі дамыған біздің ел үшін «нөлдік» шығарындыларға қол­ жет­кізу күрделі мәселе. Сол үшін экономиканы көміртексіздендірудің арнайы ұзақ­мерзімді бағдарламасы әзірленді.

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтің ай­туынша, мұнайға тәуелділіктен құты­лудың жолы – ұзаққа созылатын күрделі жол. Экономиканы әртараптандырудың нәти­­жесін көру үшін кемі 10-15 жыл қа­жет. Бізде бұл бағытта үміттендіретін сала жетеді. Бірақ сарапшы айтып өткен­дей, кей кезде әлемдік саясаттағы форс-мажор құбылыстар сағызша созылып жүрген жобаларды қысқа мерзімде қолға алуымызды жылдамдатып жіберуі мүмкін.

«Ел азаматтарының күнкөріс дең­гейіне нарықтық баға беру мүмкін емес. Біздің тұрмысымыз араб елдері тәріз­ді бай да емес, кедей де емес. 10-15 жылдан кейінгі жағдай қандай болады деген сұраққа жауап беру өте қиын. Егер мұнайға деген тәуелділік деңгейін төмендеткіміз келсе, ауыл шаруашылығына баса мән беруіміз керек. Қазір логистика сегментіндегі ең пайдалы бизнес көзі – ауыл шаруашылығы өнімдері, бидай тасымалы. Бірақ Үкімет бұл саланы мұнай сегментіне балама бағыт деп мойындауға асығар емес. Ауыл шаруашылығы саласында Үкіметтің өзі ат­тап өте алмайтын кедергілер жетеді. Ірі жер иеленушілердің қолында қан­­ша жер барын ашып айтатын мәліметтер әлі тым жұмбақ екенін 2019 жылдары жер тағдыры тал­қы­ға түскен жылдары байқап қалдық. Қазақ­тың батысы мен шығысы, оңтүстігі мен сол­түстігі арасындағы жер көлемі көп бол­ғанымен, суармалы жер аз. Ауыл шаруа­шылығына мұнайға балама бағыт ретін­де қарау үшін жерді сауықтыру бағ­дар­­ламасын қолға алу керек. Бұл құжат­тың қаржылық салмағы – 50–70 трлн теңге.­ Үкі­­меттің осы мәселеге келгенде үні шық­пай­ қалуының себебі осы болуы мүмкін», дей­ді ол.

Сарапшы Айдархан Құсайынов айтып өткендей, экономиканы кейінгі жағдайға бейім­деу туралы аз айтылады, тек осы ке­зең­нен өтсек болды деген көзқарас басым.

«Себебі біздің экономика Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты шетелдіктердің басқаруындағы екі-үш жобаға тәуелді. Одан өзге ішкі өсімге дем беріп отырған факторлар әлсіз. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, біздің шикізаттық бағытқа, мұнайға деген тәуел­ділігіміздің саяси-экономикалық астары басым. Мұнайға тәуелділік дең­гейін төмендету – тек мұнайдан ғана емес, сонымен бірге осы сегменттегі шетелдік бақылау деңгейін де төмендету. Теңге бағамына тікелей әсер ететін негізгі факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ұлттық банк сыртқы факторлар ретінде мұнайдың әлемдік бағасын, негізгі сауда әріптес елдердің, ең алдымен, Ресей валюта бағамының динамикасын, әлемдік пайыздық мөлшерлемелерді, әлемдегі геосаяси жағдайды қамтиды. Біз қазір теңгенің күшін тек мұнаймен ұстап отырмыз. Егер басқаша болса 1 доллардың қанша теңге болатынын ашып айту қиын. Төмен тарифтер мен өнім бағасы бизнесті дамытуға мүмкін­дік бермейді. Экономиканы теңге баға­­мын тұрақ­тандыру арқылы ұстап отыру үшін тым ақылды болудың қажеті жоқ. Мұнай­ға тәуелділіктен құтылғымыз келсе, мұнай ақшасымен бағаны субсидиялауды тоқтатуымыз керек. Экономиканы реформалау үшін жүйені реформалау керек» дейді Айдархан Құсайынов.

Сарапшының баяндауынша, теңгенің нарықтық құнынан қорықпау қажет. «Біз ұзақ жылдар бойы халықтың жағ­да­йын ойлап, логикалық тұзаққа түсіп қал­дық. Дәл қазір теңгеміздің бағасы эко­но­миканың даму деңгейіне сай емес, тым күш­ті. Ұлттық валютамызды мұнай субсидия­сын­сыз қабылдауды үйренсек, экономика на­рық­тық жолмен дамиды», дейді сарапшы.

 

Previous Post

V -ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткізу үшін шетелдік демеушілерді тарту жұмысы қарқынды

Next Post

Қазақстан мен Қытай арасында рейстер саны артты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі