13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР СІМ-де Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

24 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚР СІМ-де Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Сербияның Қазақстандағы Елшісі Владимир Йовичич екіжақты ынтымақтастықтың «сағаттарын теңестірді».

Кездесу барысында Сербия мемлекетінің басшысы А.Вучич екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, аса жоғары және жоғары деңгейлерде орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ, екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық құрылымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Тараптар екі ел арасындағы саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқанын, делегациялардың белсенді алмасуын қанағаттанушылықпен атап өтті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

2024 жылдың қыркүйегінде Белградта өтетін Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысына дайындыққа, оның ішінде шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды (ҮАК-ның тең төрағасы қазақстандық тараптан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С. Жұманғарин, серб тарапынан – Сербия Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ішкі істер министрі И. Дачич).

Р.Василенко ҮАК-тың кезекті отырысын өткізу сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ықпал ететінін және жоғары деңгейде сапарлармен алмасу үшін берік негіз қалайтынын атап өтті.

ҚР МКК деректері бойынша 2024 жылғы қаңтар – мамыр аралығында екіжақты сауда көлемі 31,7 млн АҚШ доллар.

2023 жылы 91,2 млн (өсім 23,3%), оның ішінде қазақстандық экспорт – 11,4 млн (+38,7%), Сербиядан импорт — 79,8 млн (+21,3%).

 

Previous Post

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

Next Post

Кәсіпкерлер палатасында мораторийден кейінгі бизнестің жағдайы талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі