13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ инвестиция саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады

22 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен АҚШ инвестиция саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

  Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева «Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялық серіктестік» бағдарламасының АҚШ-тың арнайы үйлестірушісінің міндетін атқарушы Хелайна Мацамен кездесті. Кездесуде тараптар көлік-логистика, таза энергия, ауыл шаруашылығы өнімдерін, сирек жер металдарын өндіру және өңдеу салаларындағы жобаларға инвестиция салу мүмкіндіктерін талқылады.

G7 «Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялық серіктестік» бағдарламасы дамушы елдердегі инфрақұрылымдық жобаларға 2027 жылға қарай 600 миллиард АҚШ долларын инвестиция салуды көздейді.

Сұхбат барысында Н.Нұрбаева Қазақстанның көлік инфрақұрылымын, оның ішінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы дамыту, таза энергия өндіру, маңызды пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру салаларындағы жобаларды іске асыру перспективалары туралы айтып берді. Министрдің орынбасары Орталық Азия өңірінің осы салалардағы ұзақ мерзімді серіктестік үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтіп, Қазақстанның ортақ мақсаттарға жету үшін АҚШ-пен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде Х.Маца «Үлкен жетілік» елдері Орталық Азиядағы инфрақұрылымдық жобаларға 200 миллиард АҚШ долларға дейін инвестиция салуға дайын екенін және мұндай жобаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі – Қазақстан екенін атап өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Еуропалық нарықтарға одан әрі шығу арқылы Орталық Азия елдері арасындағы сауда қатынастарын кеңейту арқылы әлемдегі азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткізу тізбегін нығайту және әртараптандыру.

Кездесу соңында тараптар маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және экономикалық байланыстарды нығайту үшін тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.

 

Previous Post

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Испанияның жаңа елшісімен кездесу өтті

Next Post

Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі