13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан мен Қырғызстан арасында туристік байланыс нығаяды

15 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан мен Қырғызстан арасында туристік байланыс нығаяды
Share on FacebookShare on Twitter

Алдағы уақытта іс-шаралар күнтізбесіне бірлесе атқарар жобаларды енгізу жоспарға қойылды. Түркістан мен Қырғызстан арасында туристік байланыстар артады. ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Серікболсын Сандыбаев Қырғызстанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туристік кеңес отырысына қатысты. Кеңес барысында туризм саласындағы жаңа тенденциялар, ТМД құрамына кіретін мемлекеттер арасында бірлескен халықаралық туристік іс-шаралар ұйымдастырып, күнтізбе жасау, 2025 жылға жұмыс жоспары және ТМД елдерінің туристік индустрия қауымдастығы мен бірлескен жұмыс алаңын құру мәселелері талқыланды. Кеңестің мақсаты – мемлекеттік органдар, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар және халықаралық туристік ұйымдар арасында туризм саласындағы тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту. Нұртас Кәріпбаев өз сөзінде туризм – экономикалық өсім мен мәдени алмасудың маңызды бөлігі екенін айтып өтті. «ТМД аясындағы ынтымақтастық – барлық қатысушы мемлекеттердің туризм саласында жаңа мүмкіндігін ашады» деген ойын білдірді. Түркістан облысының туристік әлеуеті аталған кеңес отырысы аясында өткен жәрмеңкеде кеңінен таныстырылды. Алдағы уақытта іс-шаралар күнтізбесіне бірлесе атқарар жобаларды енгізу жоспарға қойылды.

Айта кетсек,  осыған дейін өңір басшымы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарында бірқатар құжаттарға қол қойғаны белгілі. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Түркістан облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасының Ош облысы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын. Бүгін Түркістандағы халықаралық форумда осы екі облыс арасындағы байланыстарды нығайту іс-шаралары бойынша Жол картасына қол қойылды. Біз енді нақты іске кірісуіміз керек. Ауыл шаруашылығы, өндірісті дамыту және өзге де салалар бойынша бірлесе жұмыс атқаруға мүмкіндік бар. Қасымыздағы бауырлас әрі көрші елмен әріптестік орнату екі жаққа да тиімді болады. Мәлімет алмасып, жобаларды талқылауға дайынбыз, – деген еді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Венгрия инвесторымен зауыт салу жөнінде келіссөз жүргізілді  

Next Post

Дархан Сатыбалды Бейжіңде келіссөздер жүргізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі