ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілі Ашита Митталмен өңірдегі миссиясының аяқталуына байланысты кездесу өткізді.
А.Миттал Қазақстанның үлкен үлесін және есірткі құралдарының заңсыз айналымына, киберқылмысқа, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және т. б. қарсы күрес мәселелері бойынша Орталық Азиядағы қолданыстағы өңірлік бағдарламалар шеңберінде Қазақстанның үлкен үлесін және мемлекетіміздің БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастығының жоғары серпінін атап өтті.
А.Рахметуллин аталған мәселелер бойынша, оның ішінде Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) бағыты бойынша Қазақстанның БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастығын жалғастыру мен кеңейтудің маңыздылығын білдірді. 2025 жылы Астанада синтетикалық есірткіге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ ЕҚБ өңірлік конференциясын өткізуді қолдай отырып, БҰҰ ЕҚБ-мен осы салада белсенді өзара іс-қимылды ерекше атап өтті.
Тараптар Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ өзара іс-қимылын жалғастыруға және тереңдетуге өзара қызығушылық танытты.
Кездесу соңында А.Рахметулин А.Митталға Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
ЕҚБ өкілі Қазақстанның құқық қорғау саласындағы қарқынды жұмыстарына жоғары баға беріп, ЕҚБ-ны елімізде жүзеге асырып жатқан ішкі істер органдарын реформалау, пенитенциарлық жүйенің қызметін жетілдіру, халықаралық стандарттар мен тәжірибені енгізу бойынша жобалары туралы жан-жақты хабардар етті, сондай-ақ адам саудасы және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және басқа да салалардағы өзара іс-әрекетті кеңейту перспективаларын атап өтті.