13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Рентген кабинеттеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

29 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Рентген кабинеттеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Share on FacebookShare on Twitter
Сәулелік диагностика кабинеттері мен бөлімшелері ең төменгі сәуле жүктемесінде жоғары сапалы кескіндеме алуға мүмкіндік беретін, кең ауқымды диагностикалық мүмкіндігі бар заманауи құралдармен жабдықталады және амбулаториялық-емханалық ұйымдардың ғимараттарында орналастырылады.
Кабинеттерді тұрғын ғимараттардың, мектепке дейінгі балалар және оқу ұйымдарының жапсарлас, жанастыра және жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларында, сондай-ақ тұрғын ғимараттардың жапсарлас, жанастыра және жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларының амбулаториялық-емханалық ұйымдарында орналастыруға тыйым салынады.
Емшара және басқару бөлмелерінің қабырғалары мен төбесінің беттері ылғалды тазалау жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін тегіс болуы тиіс. Рентгенологиялық операция, операция алдындағы үй-жайлардағы, фотозертханадағы еденге су өткізбейтін материалдар төселеді. Кабинеттерде автономды желдеткіш жабдықталады, ауа баптағыштармен қосымша жабдықтауға рұқсат етіледі.
Кабинетте рентген аппараттарының сипаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулығы, дозиметриялық бақылау, рентген аппаратының пайдалану параметрлерін бақылау хаттамалары, кабинетті санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актілері, электр өлшеу аспаптарын тексеру хаттамалары, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болады, сондай-ақ көрінетін жерге пациенттерге арналған медициналық емшаралар кезіндегі дозалық жүктемелер туралы жадынамаларды орналастыру қажет.
Кабинеттердің қабырғаларында және рентген аппараттарын басқару бөлмесінде еденнен 1,6-1,8 м биіктікте немесе есіктің үстінде пациент емшара бөлмесінде болған кезде персонал қосатын «Кіруге болмайды!» деген жанатын табло (белгі) орналастырылады. Пациенттің жай-күйін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қарау терезесі және дауыс зорайтқыш байланыстың сөйлесу құрылғысы көзделеді.
Жұмыс күні аяқталғаннан кейін рентген аппараты, электр аспаптары, электр жарығы, желдеткіш ажыратылады, еденді жуу, қабырғаларды ылғалды тазалау арқылы пациентпен жанасатын элементтер мен жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялау жүргізіледі. Ай сайын сірке қышқылының 1-2 % ерітіндісін қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіледі.
Рентгенологиялық зерттеуге тікелей қатысы жоқ адамдар емшара бөлмесінде болмайды. Рентгенологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде емшара бөлмесінде бір пациенттен артық болуға тыйым салынады.

Елемесов Бахтыораз Мизамұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

Берлинде Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-ші отырысы өтті

Next Post

Санитарно-эпидемиологические требования к рентгеновским кабинетам

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі