13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

27 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 123-VII ҚРЗ Заңының 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген нормалар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы заңнамасына сәйкес лицензия алуға міндетті.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрде көрсетіледі. Өтінішті «электрондық үкімет» www.egov.kz, www. elicense.kz веб-порталы арқылы түсіресіздер. Лицензия беру мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, ал лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күнінде беріледі.
Лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттар:
— жеке және заңды тұлғаның өтініші;
— аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында, не кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында 300 сағаттық сертификациялық курстан өткендігін растайтын құжат пен бағалау парағы;
— санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері немесе маманы және нұсқаушы-дезинфектордың болуы және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты туралы мәліметі;
— әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
— жобаланатын объектілер үшін алдын ала (есептік) СҚА-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аттестатталған сарапшылары бар мекеменің жобалық құжаты.

Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Этносаралық татулыққа негізделген семинар өтті

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі