13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан: экспорт, электр мен темір өндірісінің артуы, мұнай жеткізудегі жаңа бағыт пен саяси ықпал

29 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан: экспорт, электр мен темір өндірісінің артуы, мұнай жеткізудегі жаңа бағыт пен саяси ықпал
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл аптада жаһандағы түрлі ақпарат құралдары Қазақстан жайлы аз жазбады. Соның ішінде ерекше түртіп алар дүниелер жетерлік. Мәселен, Қазақстанның Қытай мен Ресейге экспорты артып, бірнеше салада өндіріс көлемін ұлғайтып, саяси жағынан жақсы баға алғаны бар. Бұған қоса артық мұнай өндіргені де әлемдік медиада сөз болды.

Биыл алғашқы 5 айда Қазақстан өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қытайға 19,4 пайыз, ал Ресейге 5,7 пайызға артық экспорт жасаған. Бұл жайында ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық зерттеулер институтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

– Экспорт бойынша Қазақстанның негізгі серіктестерінің арасында Қытай, Италия және Ресей бар. Қытайға тасымал 19,4 пайызға өсіп, 6,8 млрд долларға жетті. Сонымен қатар, Италияға экспорт 10,5 пайыз, яғни, 4,6 млрд долларға дейін қысқарды. Ал Ресейге 5 ай аралықта экспорт 5,7% пайызға артып, 2,8 млрд долларға дейін ұлғайды, – деп жариялады ТАСС институт мәлімдемесін.

Деректерге сәйкес, экспорттың өсуi мұнай, мыс, радиоактивтi элементтер мен ферроқорытпаларды жеткiзу арқылы білінген. Қазақстанның негізгі экспорттық тауары – мұнай 16,2 млрд доллар пайда әкелді. Бұл экспорттың жалпы көлемінің жартысына жуығын құраған.

Trend: Қазақстан Транскаспий бағыты бойынша мұнай жеткізуді ұлғайтуға ниетті

Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ немесе Орта дәліз) бойынша мұнай жеткізуді ұлғайтуға ниеттеніп отыр. Аталған жаңалықты әзербайжандық Trend ақпарат агенттігі «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға сілтеме жасай отырып жария етті.

Бұл туралы ҚМГ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен кездесу барысында айтқан.

– Асхат Хасенов атап өткендей, «ҚазМұнайГаз» осы экспорттық бағытты одан әрі дамытуға бағдар алған. Қазiр ҚМГ әрiптестерiмен бiрлесiп, Транскаспий бағыты бойынша қазақстандық мұнай жеткiзудi ұлғайту мүмкiндiгiн зерделеуде. ҚМГ басқарма төрағасы екі компанияның бірлескен бастамаларының табысты іске асырылатынына сенім білдірді, – деп жазған басылым.

Кездесуде қазақстандық мұнайдың тұрақты түрде жеткізіп отыру мәселесі сөз болған. 2023 жылы Ақтау портынан 1,057 млн тонна мұнай жөнелтілсе, биыл бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 700 мың тоннадан асты.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) хатшылығы сәрсенбі күні Ирак, Қазақстан және Ресейден 2024 жылдың бірінші жартысында артық мұнай өндіргені үшін өтемақы жоспарын алғанын хабарлады. Бұл жөнінде қытайлық Синьхуа агенттігі жазды.

Синьхуа ОПЕК мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, осы кезеңде үш елде артық мұнай өндірудің жиынтық деңгейі тәулігіне 2,28 млн баррельді құрағанын хабарлады. Ирак тәулігіне 1,18 млн баррель, Қазақстан – 620 мың, ал Ресей – 480 мың баррель артық өндірген.

Ирак пен Қазақстан артық өндірісті осы айда, ал Ресей қазан айында өтей бастайды. Үш ел 2025 жылдың қыркүйегіне дейін артық өндірудің мөлшерін түгелдей өтеуі тиіс.

Daryo: Қазақстан 2024 жылдың бірінші жартысында темір кенін өндіруді арттырды

Қазақстанның тау-кен өндіру секторы 2024 жылдың бірінші жартысында темір кенін өндірудің 22 пайызға ұлғайғанын жария етті. Өндірілген пайдалы қазбалардың көлемі 28 млн тоннаға жеткен. Өзбекстандық Daryo интернет-басылымы осы жаңалықты бөлісті.

Биыл маусымда темір кенін өндіру 4,96 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 23,3 пайызға, ал өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға көп. Сонымен қатар, темір кені тастарының өндірісі маусым айында өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 63 пайызға өсті. Елімізде темір кені концентратының өндірісі бір айда 597,8 мың тоннаға жеткен.

The National Interest: Қазақстанның көпжақты ықпалы өсуде

Қазақстан қандай да бір елмен тым тығыз байланыспай, өзінің халықаралық байланыстарын теңестіріп және көптеген көпжақты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз егемендігін қорғай алуда. Бұндай ерекше мақаланы халықаралық қатынастар туралы америкалық The National Interest журналы жариялады.

Мақалада неғұрлым поляризацияланған әлем жағдайында Қазақстан сияқты «орта державалар» өз тәуелсіздігін сақтап қалу және жағымсыз сыртқы орбитаға түсуден аулақ болу мәселесімен бетпе-бет келетіні атап өтілген.

– Қазақстан отыз жылдан бері басталған көпвекторлы саясат арқылы өзінің ұлттық мүдделерін қорғап келеді. Бұған Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын (ЕҚЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымын (ТМҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) қоса алғанда, көптеген көпжақты ұйымдармен өздерінің халықаралық байланыстары, өзара іс-қимылын теңгерімдеумен қол жеткізілді, – деп келтірген басылым.

АҚШ пен ЕО мүшелері Қазақстан мен Орталық Азиямен ЕҚЫҰ және АӨСШК арқылы күшейтілген дипломатиялық өзара іс-қимылдан пайда көре алады. Басылым Түркі мемлекеттері ұйымымен көбірек диалог пен ынтымақтастық қажет екенін, өйткені түркі әлемінің сана-сезімі, соның ішінде діни экстремизммен күрес, қоршаған ортаны қорғау және білім беру саласы өсіп келе жатқанын атап көрсеткен.

Австрия мен Швейцария қырғи-қабақ соғыс кезіндегі шиеленісті азайтуда маңызды рөл атқарғанымен, бүгінгі елдер Қазақстанда өткен ғасырда Вена мен Лозаннада кездескендей бейтарап аумақта кездесуі мүмкін екені алға тартылған.

Trend: Қазақстан жасыл электр энергиясын өндіру көлемін өсірді

Қазақстанда жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру көлемі 2024 жылдың алғашқы 5 айында 3,896 млрд кВт/сағ құрады, деп хабарлайды Trend ақпарат агенттігі.

– Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 16 пайызға артты. Сонымен қатар, 2024 жылдың бірінші жартысында өндірістің жалпы көлеміндегі жасыл электр энергиясының үлесі 6,47 пайызды құраған, – деп жазды басылым.

Trend атап өткендей, жасыл электр энергиясының басым бөлігін жел электр станциялары өндірді – 2,325 млрд кВт/сағ. Одан кейін 974,9 млн кВт/сағ – күн электр станциялары және 595,36 млн кВт/сағ шағын су электр станцияларына тиесілі.

 

Previous Post

Түркістандық делегация Вьетнамда келіссөз жүргізді

Next Post

Вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсіздігі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі