13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Кореямен бірлесіп креативті индустрияны дамытуы керек — сарапшы

31 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Кореямен бірлесіп креативті индустрияны дамытуы керек — сарапшы
Share on FacebookShare on Twitter

Ташкентте Орталық Азия елдері мен Оңтүстік Кореяның саяси аналитикалық орталықтарының алғашқы форумы өтті.

Орталық Азия халықаралық институтында өткен басқосуда сарапшылар Орталық Азия мен Кореяның экономикалық мүмкіндіктерін талқылап, ынтымақтастықты арттыру жолдарын саралады. Мәселен, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты креативті индустрия саласында қалыптасуы мүмкін ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

«Қазір креативті салада байланысты одан әрі дамытуымыз керек. Оңтүстік Корея кино және басқа да салаларда өзінің үлкен тәжірибесін көрсетіп отыр. Ол біз үшін пайдалы, тиісінше бүгіннің өзінде жаңа толқын қалыптасқанын байқауға болады. Біздің талантты жастарымыз да өзінің деңгейін халықаралық аренада көрсетіп жатыр», — деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Айдар Құрмашев.

Бұдан бөлек, мамандар институционалдық өзгерістерге бет бұру қажеттігіне тоқталды. Сарапшылардың пайымынша, ол үшін парламентаралық ынтымақтастықты дамыту шарт.

«Мақсатымыз – Корея Республикасы президентінің Орталық Азияға жасаған сапарын қорытындылау ғана емес, келер жылғы «C5+Корея» саммитіне дайындықты бастау әрі ұсыныстарды әзірлеу. Бұл мемлекет біздің аймақпен осыдан 17 жыл бұрын көпжақты ынтымақтастық орнатып, «Орталық Азия-Корея» форматындағы кездесуді алғаш болып өткізген болатын. Кейін сол жолға басқа да мемлекеттер түсті. Бұл жағдай бізге тікелей шетелдік инвестиция тартуға сеп болады», — деді Орталық Азия халықаралық институтының директоры Жавлон Вахабов.

Форум нәтижесінде бойынша түрлі деңгейдегі ұсыныстар әзірленді. Ол бастамалар президент және министрлер дәрежесіндегі кездесулердің хаттамасына енгізілмек.

Previous Post

«Жайлы мектеп» – отандық өндірушілерді қолдау

Next Post

Сенат төрағасы Иран президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі