13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫҰ-ның дамуына Астана декларациясының ықпалы болады — сарапшы

4 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫҰ-ның дамуына Астана декларациясының ықпалы болады — сарапшы
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғаннан бері ұйымның дамуына елеулі үлесін қосып келеді. Бүгін қабылданған Астана декларациясы ұйымның дамуына ықпал етпек. Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Дамир Белгібаев осылай деп ой бөлісті.

«Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммиті осы ұйымның жаңа деңгейге шығып жатқанын байқатып отыр. Өйткені, Қазақстан бұл ұйым құрылғаннан бері дамуына елеулі үлесін қосып келеді. ШЫҰ осыған дейін саяси және басқа да тақырыптарда диалог алаңы болса, бұдан кейін көптеген мәселені шешуге қауқарлы үлкен ұйымға айналады. Бұл ұйымның абыройы мен дамуына бүгінгі Астана декларациясының да ықпалы болады. Қазақстан ұйымға төрағалығы барысында бір жыл ішінде 150-ден астам іс-шара ұйымдастырып, ауқымды жұмыс атқарылды. ШЫҰ-да шарттық база 60 жаңа құжатпен толықты. Соның арасында экономикалық, мәдени, экологиялық қауіпсіздік, көлік, технология саласындағы тақырыптар қамтылды. Ол құжаттар ел экономикасының ары қарай дамуына үлес қосады», — деді Д. Белгібаев Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің татуластырушы бітімгерлік бастамаларының арқасында ауқымды мәселелерге өз үлесін қосты. Сондықтан ШЫҰ-дағы төрағалығы кезінде де еліміз қауіпсіздік тақырыбын алдыңғы орынға қойды.

Мұнымен қоса сарапшы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің келуіне орай пікірін білдірді.

«ШЫҰ құрамындағы мемлекеттер санының артуына байланысты, ұйымның аумағы кеңейіп келеді, яғни әлемдік ұйым ретінде танылғанын айтуға болады. Қазақстан төрағалық еткен жылдарда ұйымға жаңа мемлекеттер қосылып отырды. Атап айтқанда, ұйымға алпауыт мемлекеттер мүше болды. Бүгінгі саммитке БҰҰ Бас хатшысының келуі Қазақстанның әлемдік аренадағы беделінің көрінісі деп санаймын. Менің ойымша, оның сапары әлемдегі елеулі проблемаларды бірігіп шешудің жолдарын табуға арналған», — деді Дамир Белгібаев.

Айта кетейік, бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде Астана декларациясы қабылданды. Құжатқа ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойды.

Сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжат бекітілді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының баспасөз қызметі Астана декларациясының маңызды тұстарын жариялады. Онда ұйымға мүше мемлекеттер жалпыға ортақ бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін жағдай жасаудағы, сондай-ақ жаңа демократиялық, әділетті, саяси және экономикалық халықаралық тәртіпті құрудағы ШЫҰ рөлін арттыру қажет екенін атап өткен.

«Мүше мемлекеттер Ұйымның беделін одан әрі нығайтуға, оның қызметін жетілдіруге және көп қырлы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 2023-2024 жылдардағы ШЫҰ-ға төрағалығының нәтижелерін жоғары бағалады», — делінген.

 

Previous Post

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ аясында Стратегиялық порттар мен логистикалық орталықтар желісін құруды ұсынды

Next Post

Ұйымға төрағалық ету – жауапты миссия

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі