13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Циндао қаласы ШЫҰ мәдени және туристік астанасы атанады

4 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Циндао қаласы ШЫҰ мәдени және туристік астанасы атанады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада өтетін ШЫҰ саммитінде «ШЫҰ мәдени және туристік астанасы» мәртебесін Циндао қаласына (ҚХР) беру шешімі қабылданады.

Оның айтуынша, мәдени өзара іс-қимыл және туристік ынтымақтастық ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде халықтарды жақындастыруға және дос елдердің экономикасын дамытуға жәрдемдесуде бірегей рөл атқарады.

«Өткен 2023 жыл «ШЫҰ туризм жылы» болып жарияланған еді. Қазіргі төраға – Қазақстан Республикасы мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастыққа үлкен мән береді. ШЫҰ туризм жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары және «Алматы – ШЫҰ туристік және мәдени астанасы» бағдарламасын іске асыру жоспарымен 20-дан астам мәдени және туристік шара ұйымдастырылды. Оның ішінде ШЫҰ халықаралық туристік форумы, «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалі, Халықаралық қонақ үй форумы, Globe балеті, Шахматтан ШЫҰ кубогы бар», — деді Чжан Мин.

Бұл шаралар қазақстандық тараптың және тұтастай алғанда ШЫҰ-ның мәдени-туристік брендін қалыптастыруға ықпал етті, сондай-ақ ШЫҰ-ның мәдени-туристік ынтымақтастығын тереңдетуде маңызды рөл атқарды.

Өткен жылдың қараша айында ШЫҰ Хатшылығы Үрімші қаласында «ШЫҰ форумы 2023 – туризм жылы» жиынын өткізді. Бұл ШЫҰ елдері арасындағы туризм саласындағы өзара іс-қимылды дамыту және өңіріміздің туристік әлеуетін ашу жөніндегі бастамаларды талқылау үшін маңызды алаң болды.

«Биыл Алматы қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туристік әкімшіліктері басшыларының кездесуі өтті, оған мен де қатыстым. Отырыста ШЫҰ туризм саласындағы 2024-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, ол мүше мемлекеттер үшін туристік ынтымақтастық бағыттарын одан әрі ашу, зерделеу, тереңдету және жетілдіру жөніндегі нақты жол картасын білдіреді. Біз мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерімен ШЫҰ-ның туристік ынтымақтастығы қарқынды дамитынына, ал халықтарымыз ШЫҰ ынтымақтастығының артықшылықтары мен тиімділігін сезінетініне сенімдіміз», — деді ШЫҰ хатшысы.

 

 

Previous Post

Моңғолия Президенті Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады

Next Post

ШЫҰ саммиті: Мемлекет басшыларын қарсы алу рәсімі аяқталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі