13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің туристік әлеуеті жыл сайын артып келеді

27 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің туристік әлеуеті жыл сайын артып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан мегаполистер қатарында. Жыл басынан бері салада атқарылған жұмыс көп. E-QONAQ  жүйесі бойынша 2024 жылы 1 қаңтар – 23 тамыз айлары аралығында жүйеге тіркелген шетелдік туристер саны 26 мыңнан асып жығылады. Ресми статистика негізінде, шет елден Шымкент қаласына келетін мемлекеттердің алғашқы ондығы да жасақталған:

  1. Өзбекстан- 11 004
  2. Ресей Федерациясы — 4308
  3. Қытай — 3240
  4. Түркия — 1653
  5. Қырғызстан — 931
  6. Тәжікстан — 603
  7. Үндістан- 502
  8. Украина — 314
  9. Германия — 294
  10. АҚШ — 287

Ал 2023 жылдың қорытындысымен жалпы қалаға келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам).

Ел Үкіметі Қазақстанды әлемдегі жетекші туристік бағыттардың біріне айналдыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарлануда. Осы жұмыстардың аясында Қазақстанда жаңа қонақүйлер, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары және басқа да туристік қызмет көрсету нысандарын салу жоспарлануда. Заман талабына сай қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айырықша серпін беретіні анық. Осы тұрғыда 2024 жылға 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс  жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қослуы жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл темір жол вокзалының реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы ағымдағы жылдың соңына дейін ашылады.

Ал Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені. Бұдан бөлек, Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябақтың да туристер үшін алар орны ерекше. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Бүгінде әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асты. Яғни, пандемияға дейінгі деңгейге қайта келді деуге болады. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі. Әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр. Көрсетілетін қызметтер бойынша әлемдік экспорттың 30 пайызы, инвестицияның 7 пайызы және салық түсімдерінің 5 пайызы туризм арқылы түседі. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады, – деп тілге тиек еткен болатын.

Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында биыл сәуір айының 22-24 күндері аралығында «Гид-экскурсоводтарға, қонақ үй қызметкерлеріне және рестораторларға арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Жалпы семинарға бизнестің 90 қызметкері қатысты. Үш күндік оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, емтихан тапсырды. Барлық 90 азамат емтиханды сәтті тапсырып, олардың кәсібилігі мен туристерге сапалы қызмет көрсетуге дайындығын растайтын лайықты сертификаттар алды.

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында Индонезия, Ресей, Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Сингапур және т.б. елдерден келген блогерлерге 13 танымдық-ақпараттық экскурсия өткізілді.

 Түркістан әуежайында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының дүңгіршегі ашылды

Жуырда тікелей ұшақпен киелі Түркістанға келетін туристерге Шымкент қаласының туристік объектілерін жарнамалау мақсатында Түркістан қаласының әуежайында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық дүңгіршегі ашылды.

Аталған дүңгіршек таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс жасап, қаламыздың мәдени, гастрономиялық, эко, экстремалды және т.б.  бағыттарының турмаршруттарын туристерге ұсынады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының киелі орны Сайрам тұрғын алабындағы Қожа Ахмет Ясауидің ата анасы Ибрагим ата мен Қарашаш анаға және басқа да әулиелерге зиярат жасауға шақырып, Шырайлы Шымқаламызға жетудің ыңғайлы жолдарын айтып, көмектеседі.  Өзбекстан Республикасының Бас консулдығы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығымен бірлесе, ағымдағы жылдың 8 маусым күні Өзбекстанның туристік әлеуетін таныстыру бойынша Шымкент қаласының 30-дан астам ірі туристік бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау болып табылады. Осы орайда  29 маусым мен 1 шілде аралығында Қаланың  туристік имиджін арттыру келушілердің санын көбейтудің мақсатында ақпараттық тур өткізілді. Тур аясында гастрономиялық дәстүрлі қазақ тағамдары, мұражайлар, креативті арт-кешендер мен саябақтар, өндірістік зауыттар таныстырылды Турға Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Латвия, Мысыр, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің бірқатар өңірінен келген 30 travel-блогер қатысты. Жалпы әлеуметтік желілерде Шымкент туралы 162  посттар салынып,  8 миллионнан аса қаралым жиналды.

Шілде айынан бастап аптаның әр бейсенбі күні шетелдік туристерге арнап қала бойынша тегін автобустық экскурсия өткізіледі, бүгінгі күнге дейін аталған тегін экскурсияға американдық, қытайлық, ресейлік, беларусиялық туристер қатысты.

Ал  20-21 шілде Самарқанд қаласында роуд-шоу ұйымдастырылды. Іс-шараға 40-қа жуық туристік ұйымдар мен агенттіктер, қонақ үй басшылары, БАҚ өкілдері және Самарқанд қаласының туризм департаментінің өкілдері қатысты. Іс-шара өорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық жөнінде 6 меморандумға қол қойылды.

Бұдан өзге 19 тамыз күні  «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы кедендік бақылау, әуежай және туристік полиция өкілдеріне арнап семинар-тренинг өткізді. Семинардың мақсаты шетелдік туристердің құқықтық жағдайлары, қазақ халқының қонақжайлық ерекшеліктері және туристердің психологиясы тақырыптарын терңінен қызметкерлерге түсіндіру болып табылды. Аталған іс-шараға 40 — қа жуық мамандар қатысты.  Бұл бағыттағы жұмыстар легі тоқтамайтыны анық. Нәтижесінде Шымкент туризмнің орталығына айналады.

 

 

 

Previous Post

«Мектепке жол» акциясы Шымкент қаласының 10216 әскери бөлімінде жалғасын тапты

Next Post

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Бүгінгі жетістік – ертеңгі жеңістеріміздің бастауы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі