13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Шымқала кештері» концертін тамашалау дәстүрге айналып келеді​ ​

12 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: «Шымқала кештері» концертін тамашалау дәстүрге айналып келеді​ ​
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде әр сенбінің кешінде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары «Шымқала кештері» концерттік іс-шараларын тамашалау үшін қаламыздың түрлі саябақтарына жиналуды дәстүрге айналдырып келеді. 27 шілдеден бастап Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Шым қала кештері» концерттік іс-шаралары қала тұрғындарына ерекше мәдени демалыс пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды жалғастыруда. Бүгінгі шаһардың 5 аймағында өткен концерттер шеруі қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше эмоциялар мен ұмытылмас сәттер сыйлады. Шымсити, Дендросаябақ, Кең баба, Көл және Орталық саябақтарында ұйымдастырылған ашық аспан астындағы концерттер шымкенттіктерді ерекше атмосферасымен қуантты. «Шымсити» саябағында өткен концертте Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының әртістері интермедиялық қойылымдарымен көрермендерді күлкі мен қуанышқа бөлесе, «Кең баба» мен Орталық саябақтарда өткен концерттер шеруінде қуыршақ және жасөспірімдер театры мен «Шымкент – Цирк» әртістері балаларға арналған ерекше қойылымдарымен көрерменнің көңілін көтерді. Ал «Көл» саябағы мен Дендросаябақта өткізілген концертте «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері эстрадалық әндер орындап, әуезді музыка мен көрерменге ерекше әсер қалдырды. Айта кету керек, бұл жолғы кештің ерекшелігі ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналды. Кеште Абайдың өлеңдерінен үзінділер оқылып, ақынның терең философиялық ойлары мен адамгершілік құндылықтары туралы шығармалары поэтикалық сарында, тыңдармандардың жүрегіне жол тартты. Алдағы уақытта Шымкент Опера және Балет теартының өнерпаздары концерттік кешке қатысады деп жоспарлануда. Сондықтан ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын Шымкентте өтіп жатқан мәдени шаралардан хабардар болуға шақырады. Бөлісу

Previous Post

Қазақстан мен Өзбекстан $7 млрд көлемінде инвестициялық жобалар мен сауда келісімдерін жүзеге асыруға келісті

Next Post

В Шымкенте прошла ярмарка проекта «Одно село – один продукт»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі