13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қабылдау өткізді

15 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қабылдау өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Басқарма басшысының жеке қабылдауына алдын ала 10 адам жазылып, бүгінгі кездесуге оның 6-ы қатысты. Қалған тұрғындарға мамандар хабарласып, мәселесі жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізген. Ж.Өтебаеваға ұсынысын жеткізген тұрғынның бірі – Фарида Бакибаева. «Арман әлемі» қауымдастығы атынан келген азамтша ерекше балаларға орталық ашу, арнайы мамандарды даярлау жөнінде жоспарымен бөлісті. Басқарма басшысы ерекше жандарға арналған орталықты іске қосу жөніндегі бекітілген тәртіпті түсіндіріп, алдағы уақытта ұсынысын заң шеңберінде қарастыратынын жеткізді. Қабылдауға қатысқан тұрғындардың басым бөлігі шипажайға жолдама кезегі бойынша шағымын жеткізді. Қазіргі таңда зейнеткерлердің шипажайда сауықтыру емі үшін жолдама кезегі geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Кез келген зейнеткер кезек ретін үйден шықпай-ақ, ұялы телефоны арқылы бақылай алады. Бүгінде кезекке 26 мыңнан астам зейнеткер тіркелген. Жыл сайын қала мәслихатының шешімімен 5 мың зейнеткерге тегін жолдама беру қарастырылған. Одан бөлек, «Ізетті Зейнеткер» сауықтыру кешені жылына 2 мың зейнеткерге емдік-сауықтыру қызметін көрсетеді. Жанат Өмірсейітқызы зейнеткерлерге шипажайға жолдама кезегі жөнінде түсіндіріп берді. Мұнан өзге, қабылдауда мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмыспен қамту мәселесі де көтерілді. Бұл жөнінде басқарма басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма жүктеді. Басқарма басшысы Ж.Өтебаеваның жеке қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 09:00-12:00-ге дейін жалғасады. Қабылдауға қатысу үшін алдын ала жазылуы тиіс. Ол үшін Бәйтереков 89 мекен жайындағы 21 кабинетке келіп немесе 77-11-03 байланыс нөмірі арқылы жазылуға болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Next Post

Инфекцияларды алдын-алу бойынша облыстық семинар өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі