13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: дәрігерлер 74 жастағы науқасты аяққа тұрғызды

1 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: дәрігерлер 74 жастағы науқасты аяққа тұрғызды
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Зейнеткер ауыр дерттің салдарынан қайта сауығудан күдер үзген. Шымкент қалалық №3 аурухананың дәрігерлері жүйке жүйесі ауруынан жүре алмай қалған 74 жастағы науқасты аяққа тұрғызды. Зейнеткер ауыр дерттің салдарынан қайта сауығудан күдер үзген. Үздіксіз емнің нәтижесі ақ желеңділер мен қарияның ортақ жеңісі болып отыр. Бүгінгі таңда жүйке жүйесі ауруы үздіксіз медициналық көмек пен оңалту шараларын талап ететін күрделі дерттің бірі саналады. Әсіресе созылмалы ми қан тамырларының ауруы, эпилепсия, Паркинсон ауруы, инсульт, дисциркуляторлық энцефалопатия сынды ауру түрлері кең тараған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бұл ауруға шалдыққан науқастарды емдеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Медициналық көмектің басым көпшілігі МӘМС есебінен қаржыландырылады. Мәселен, Шымкент қалалық №3 аурухананың жүйке бөлімінде жыл басынан бері 1000-нан астам адам стационарлық ем қабылдаған. Олардың 70 пайыздан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емделген. Меңгерушісі Гүлжахан Бердалиеваның жетекшілігімен талай жанның дертіне дауа дарытқан бөлімнің медициналық көмек пен қызмет көрсету деңгейлері жоғары сұранысқа ие. Науқастар тіркелген емханаларынан жолдаманы осы ауруханаға беруді жиі өтінеді. Оның сыры – жүйке бөлімі қызметкерлерінің ерекше мейірім, қамқорлығында көрінеді. Жалпы МӘМС шеңберінде сақтандырылған азаматтарға тіркелген емханасы бойынша жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызметтер мен есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмектер қолжетімді. Қаладағы медициналық мекемелерде былтыр 120 мыңға жуық науқас стационарлық жағдайда емделген. Оның ішінде 100 мыңға жуығы МӘМС қаражаты есебінен ем қабылдады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР КӨЛЕМІ 304 МЫҢ ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында биыл 5 гүлзар салу жоспарлануда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі