13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ескі трансформаторлар жаңартылады

25 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ескі трансформаторлар жаңартылады
Share on FacebookShare on Twitter

Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты тозығы жеткен трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алып отыр. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру. Мегаполис басшысы қалада халықты электр қуатымен қамту жұмыстарында қиындықтар бар екенін атап өтті. Әрі бұл мәселе тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды рөл атқарады. Қала күн сайын өсіп, жаңа шағынаудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Сәйкесінше электр желілеріне де жүктеме артып келеді. Бұған ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде халықты әбігерге салады. Өйткені, трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған. Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты тозығы жеткен трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алып отыр. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы станциясындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді. Айта кетейік, ескі трансформаторларды ауыстыру қала тұрғындарына электр энергиясын жеткізу бойынша сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, әрі авариялық апат қаупін азайтады. Кездесу соңында мегаполис басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.

Previous Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АУЛАЛАРДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІДІ

Next Post

Қазақстанға Қытайдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша делегация келді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі