13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ​МӘМС жарналарын аудару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

31 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ​МӘМС жарналарын аудару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері ұзақ мерзімді демалысқа шыққанда ай сайынғы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары қате аударылып, сақтандыру мәртебесінен айырылған жағдайлары жиі орын алады. Салдарынан білім саласының мамандары өздеріне тиесілі медициналық көмекті ала алмай әуреге түсетіні рас. Түптеп келгенде бұл мәселе жұмыс берушілердің жауапкершілігінде. Сондықтан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден қаладағы бірқатар жоғарғы оқу орындарының қызметкерлердің жалақылары мен төлем аударымдарын жүзеге асыратын есепшілерімен кездесіп, МӘМС жарналарын аудару бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қалалық “Жастар орталығында” өтті. Кездесу барысында тараптар өзекті мәселені талқылап, өзара пікір алмасты. Жиында атап көрсетілгеніндей, ұзақ мерзімге демалысқа шығатын қызметкерге біржолғы демалыс төлемі кезінде сақтандыру мәртебесін сақтау үшін МӘМС аударымдары мен жарналары әр айды жеке көрсете отырып, әртүрлі төлем тапсырмаларымен төленуі тиіс. Яғни, егер демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтыса, онда МӘМС төлемдерді кезеңдер бойынша бөлу қажет. Мысалы, қызметкер шілде және тамыз айларында демалыста болғанда, жұмыс беруші төлемдерді бір емес, екі түрлі кезеңге (шілде және тамыз) есептеп, төлеуі керек. Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені бірнеше жолмен тексеруге болады. Бұл қызмет бүгінде Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшаларына да енгізілген. Сондай-ақ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы , fms.kz ресми сайты мен Telegram-дағы @SaqtandyrýBot , 1414 байланыс орталығы және Damumed мобильді қосымшасы арқылы анықтауға болады.

Previous Post

"ЖАЙЛЫ МЕКТЕП": Шымкентте салынып жатқан мектептерді жиһазбен жергілікті компаниялар қамтамасыз етеді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданы инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі