13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home 13KZTV

Түркістан: Төлеби ауданында жаңа жобалар жүзеге асуда

18 января, 2021
in 13KZTV
0
Түркістан: Төлеби ауданында жаңа жобалар жүзеге асуда
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында ғимараттардың қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Өткен жылдан өтпелі бірқатар ауқымды жобалар жалғасын табуда. Ленгір қаласын абаттандыру жұмыстарына 233 млн. теңге қаржы қаралған.

Атап айтқанда, Ленгір қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы шатқалды, және бірқатар көшелерді абаттандыру жұмыстарын аяқтауға аудандық бюджеттен қаражат қарастырылған. Шахта Тогус елдімекеніне ашық футбол және баскетбол алаңшалары мен стелла орнатылмақ.

Таскешу елдімекеніндегі және Астана көшесіндегі көпірді ағымдағы жөндеу көзделген. Сондай-ақ,  полиция қызметкерлеріне арналған фронт-офис ашылмақ. Онда тұрғындар ішкі істер органдарына қатысты сауалдарына жауап алып, арыз-шағымдардың қаралуын қадағалай алады.

Ленгер-Алатау жолы бағытындағы Жаңаұйым елдімекенінен кіре берісте орналасқан бас қақпа жаңарып, Қосағаш ауылынан 2,1 шақырымға суағар (лоток) орнату көзделген.

Сонымен қатар, құны 2 млрд. теңге болатын Жоғарғы Қасқасу елдімекенінің 4,7 шқ., Кенесарық елдімекенінің орталық көшесін және Зертас елдімекеніндегі Шомшақты және Спатай-Андас көшелерін абаттандыруға жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, салалық басқармаларға қаржыландыруға ұсынылды.

Аудандағы 5 ауылдық округте 11,6 шқ. аяқжол салу қарастырылуда. Оның ішінде Қаратөбе ауылдық округінің Майбұлақ елдімекені, Тасарық ауылдық округі Тасарық, Жамбыл елдімекендері, Аққұм ауылдық округіндегі Жаңаұйым елдімекені, Киелітас ауылдық округі, Киелітас, Жыланбұзған елдімекендері және Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени елдімекенінде кестеге сәйкес аяқжол төселеді.

Төлеби ауданының 6 елдімекенінде түнгі жарық орнатуға 95,7 млн. теңге қаралды. Аудан көлемінде және Ленгер қаласында 25 дана бейнебақылау орнатуға 74,4 млн. теңге қаржы қарастырылған. Ленгер қаласының автобекет маңына және Көксәйек елдімекеніндегі аудандық ауруханасының жол бойына бағдаршам орнатуға 15,6 млн. теңге қаржы бөлінді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыТөлеби ауданы
Previous Post

Шымкентте 2021 жылы 36 бағыт субсидияланады

Next Post

Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі