13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ: ашық аспан астындағы мәдени шаралар жалғасуда

19 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ: ашық аспан астындағы мәдени шаралар жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

64 Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымқала кештері» атты мәдени шаралар циклын жалғастыруда. 17 тамызда қала тұрғындары үшін үш түрлі алаңда – «Арбат», «Шымсити» саябағы және Сайрам тұрғын алабындағы «Наурыз» саябағында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Арбат алаңында қала тұрғындары А.С. Пушкиннің «Пиковая дама» қойылымынан үзінділерді тамашалады. Шымкент қаласының орыс драма театры ұсынған бұл қойылым кештің ерекшелігі болды. Кәсіби актерлерің поэтикалық сарындағы қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бұл жолғы «Шымсити» демалыс саябағында өткен «Шымқала кештері» концерті Шекарашылар күніне арналды. Сахнада «Шымкент концерт» концерттік ымының әншілері мен Түркістан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі департаментінің өнерпаздары патриоттық әндер орындады. Іс-шара шекара қызметшілеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Сайрам тұрғын алабындағы «Наурыз» саябағында өткен кеште Шымкент қалалық Өзбек драма театры мен бірлескен Өзбекстан Республикасының Юсуфжон Шакаржонов атындағы өнер ұжымының әзіл-сықақшылары мен сатира саңлақтары өнер көрсетті. Қойылымдар жиналған көпшіліктің көңілін көтеріп, күлкіге кенелтті. «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы 27 шілдеден бастап ұйымдастырылып келеді және бұл мәдени шараның қаладағы төртінші кезеңі болды. Әр сенбі сайын өткізілетін бұл шаралар жаз мезгіліндегі мәдени демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында қаламыздың түрлі нүктелерін қамтуда. Бұл мәдени кештер қала тұрғындарының жазғы кештерін ерекше әрі қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да іс-шаралар шеруін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Previous Post

ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Next Post

Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Шымкенттегі ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-ны аралады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі