13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

22 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады. Мәселен, бүгін Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты. Іс-шараға 120-дан астам аудан тұрғындары, 8 техника жұмылдырылып, 18 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойында күл-қоқыстарды тазалап, жол жиектеріндегі қатты қалдықтар мен пласмас қалдықтарды (пакет, баклажка, қағаз және т.б) ретке келтіріп шықты. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының жастарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын», — дейді «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш. Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.

Previous Post

Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыс етті

Next Post

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» бағдарламасы аясында Шымкентте экоакция өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі