Жас ұрпақтың дұрыс дамуы, өсуі үшін балабақшаларда ең маңызды мәселелердің бірі санитариялық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуы. Балабақшаларға қойылатын негізгі талаптарды сақтай отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары болуы тиіс. Негізі талаптарды ата айтсақ:
— балабақша аумағында және үй-жайларында олармен функционалдық жағынан байланысы жоқ объектілер орналастырылмайды;
— балабақшаларда әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғау үшін үш жағынан қоршалған кемінде 20 м2 едені ағаштан көлеңке қалқа көзделеді;
— жыл сайын көктем мезгілінде ойын алаңдарындағы құмды толық ауыстыру жүргізіледі;
— балабақашада жас ерекшелігіне қарай топтық үй-жайларының құрамына киім шешінетін бөлме, ойын, жатын бөлмесі, буфет-тарату орны, дәретхана болуы тиіс;
— ғимараттың бірінші қабатында медициналық үй-жайлар және изолятор көзделеді;
— үздіксіз орталықтандырылған суық және ыстық сумен жабдықталуы, жарық пен жылумен желдетумен қамтамасыз етілуі қажет;
— терезелерде, желдету үшін ашылатын желкөздерде, фрамугаларда москит торлары болуы тиіс;
— балабақшалардың үй-жайларында едені ағаш тақтаймен немесе паркетпен жабылады және еденнің беті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымданбаған болуы керек;
— төсек-орынды, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі;
— ойын жабдықтары, жиһаздар балалардың жасына сәйкес келуі және балаға зиянды әсер етпейтін және дезинфекциялау құралдарын қолдануға жол беретін материалдардан жасалынуы тиіс;
— ойыншықтарды күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып жұмыс күнінің соңында жуады;
— балабақшаларда тамақтан уланудың алдын алу мақсатында ас блогында тоңазытқыш және ыдыстардың, жуғыш және дезинфекциялық құралдармен жеткілікті қамтамасыз етілуіне, алынатын өнімдердің сапасына, оларды сақтау шарттарына, дайындау қағидаларына, жеке гигиена ережелерінің сақталуы күнделікті басты бақылауда ұстау қажет.
Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы. Жас ұрпақтың дені сау, білімді болса, болашағымыз жарқын болмақ.
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы