Жарылыстан нысандарына зақым келген Арыс қаласының кәсіпкерлері миллиондаған шығындарын жаба алмай отыр. Өтемақы ала алмай сандалып жүргендеріне екі жылға жуықтапты. Мәселесін айтып талай жерге шағымданса да нәтиже болмаған.
Убайдулла Сүйінбаев
кәсіпкер
Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Менің Атамекенім» қоры төлеп береміз деген. Солар осы күнге дейін ақшасын төлеп бермей отыр. Менің қазіргі алу керек ақшам бизнес обьектілеріме 78 миллион 812 мың теңгені құрайды.
Бақсұлу Қуатова
кәсіпкер
Жарылыс кезінде менің сауда-саттық орным зардап шеккен. 12 млн 890 мың ақша шыққан. Переоценка істеп 8 млн 290 мың қылып қойды. Бірақ оны да әлі ала-алмай отырмыз.
Мұхамеджан Сапархан
кәсіпкер
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент мырза! Осыны лично өзіңіз бақылауға алыңызшы. Осы тірлікті бақылауға алып, біржақты шешіп беріңізші мына біздің кәсіпкерлердің мәселесін. Барар есігіміз, бармаған тауымыз қалмады. Не істерімізді білмейміз. Шаршадық. Жүрек ауру болдық. Екі-үш күн сайын скорый шақырып шаршадық. Ғимаратымды көрген сайын жүрегім ауырады.
Кәсіпкерлердің шығынын төлеумен Ұлттық Атамекен палатасы айналысқан. «Менің Атамекенім» қоры құрылып, бүлінген 416 нысанға 3 млрдтан астам өтемақы төленген. Алайда қаржыны үлестіру барысында бірқатар шикіліктер орын алды. Сондықтан бізге қаржы жетпей қалды, — дейді кәсіпкерлер.
Убайдулла Сүйінбаев
кәсіпкер
Әскери бөлімде мөлтек ауданы бар ғой. Сол жерде Лепесұлы Төлебай батыр деген көшеде 24/78 деген адреске 30 миллион дүкен деп ақша шығарған. Ал ол жерде 24 деген сан жоқ мүлдем. Ол көшенің аяғы 16 мен бітеді өзі.
Төлеби көшесі бар. Сол жерде бір обьектіге, бір нысанға 4 рет ақша шығарған. Оның егесі айтып отыр. Мен біреуін алдым дейді, ана үшеуін білмеймін дейді. Оны кім істеп отыр сонда?
Ал «Менің Атамекенім» қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева бұл пікірмен келіспейді. Айтуынша, әрбір өтемақы құжатқа сай аударылған.
Ләззат Шыңғысбаева
«Менің Атамекенім» қорының төрайымы
Бәрінің тізімін қарап шығып, Реестер бойынша базаларын қарап шығып бізге жауабын берді. Жалпы берген кадастырлық сериялар бәрі тізімге сәйкес келеді деп.
Қаржының қашан төленетінін жергілікті билік өкілдері білмейді. Олар тек хат жазумен ғана шектеліп отыр.
Қуаныш Шойнақов
Арыс қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Оны нақты айта алмаймын. Біздің тарапымыздан хат жаздық. Біз хатпен ғана шектеліп отырмыз.
Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, қорға жиналған қаржы тиынына дейін үлестірілген. Ал қалған кәсіпкерлердің мәселесін жергілікті билік шешіп беруі тиіс.
Ләззат Шыңғысбаева
«Менің Атамекенім» қорының төрайымы
Жалпы мен ойлаймын. Ол кісілер Шөкеевке бару керек. Шөкеев ол мәселені облыс әкімі ретінде көтеруі керек. Ақша бөлуді талап ету керек. Ол кісі сол жердің басшысы болып отыр. Сол өңірде не болып жатыр? Қалай болып жатыр? Бірінші кезекте сол кісі жауапты.
Убайдулла Сүйінбаев
кәсіпкер
Ашпаған есігіміз, баспаған жеріміз жоқ. Барлық жерге барып айтып жатырмыз. Қазір қараңыз 6-шы февральдан бері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қабылдамай отыр мені.
Арыста жарылыстан бүлінген ғимараттарына соқыр тиын алмаған 48 кәсіпкер бар. Олардың шығыны 356 миллион теңгеге жуық. Қаржының қашан төленетіні әзірге белгісіз. Ақшасын даулап амалы таусылғандар Президеттен көмек сұрайды.