13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы білім беру объектілерінің жаңа 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындығы

14 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы білім беру объектілерінің жаңа 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындығы
Share on FacebookShare on Twitter
Жазғы демалыс аяқталып, қоңырау соғылып, оқушылардың мектепке баруына аз уақыт қалды. Әрбір оқушының сапалы білім алуы, жан-жақты дамуы, қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс. Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өз құзыреті аясында білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
​Білім беру объектілерінің аумағы қоршалған, аумағында функционалдық қатысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмеуі тиіс. Мектептке ауыз сумен, ыстық сумен, кәріз жүйесімен, жарықпен, желдетумен, жылытумен және медициналық бөлмелермен қамтамасыз етілуі, жиһаздар мен заттардың жабдықталуы балалардың өсу және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс. Дезинфекциялық ерітінділерді пайдалану арқылы күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп, жәндіктердің, кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралар жүргізілуі қажет.
​Департаменттің қадағалауында 1022 білім беру мектептері, 919 мектеп асханалары бар. Оның ішінде 103 мектеп, 22 мектеп асханасы, 2 буфет санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауда. Бұл нысандарға тексеру жұмыстары барысында бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылады.
​Мектеп асханаларында оқушылар қауіпсіз әрі сапалы тамақпен қамтамасыз етуі тиіс. Облыстық білім басқармасымен бекітілген перспективтік ас мәзірі жасалады. Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Күнделікті медициналық қызметкер немесе жауапты маман дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.
​Есептегі кезеңде, яғни тамыз айының басынан Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма мамандары аудандық, қалалық білім бөлімі мамандарымен бірігіп мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күнге 408 мектептің жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді.
Бұдан басқа, облыста үш ауысымды 5 мектептің (Сарыағаш-1, Созақ-1, Түркістан-3) орнына «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ғимараттарының құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, апатты деп танылғын 4 мектептің (Қазығұрт-1, Сарыағаш-1, Созақ-1, Жетісай-1). 3 –уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, ал 1 мектеп облыстық бюджет есебінен салынуда.

Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: екінші лекте 217 шымкенттіктің өтініші мақұлданды​

Next Post

АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА И КАЗАХСТАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі