13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шудың адам денсаулығына зияны

12 августа, 2024
in Денсаулық
0
Шудың адам денсаулығына зияны
Share on FacebookShare on Twitter
Шу — қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы болып, адам организміне қолайсыз әсерін тигізеді, оның жұмысы мен демалысына кедергі жасайды. Шу көздері соқтығысу, үйкеліс, қатты заттардың сырғуы, сұйықтық пен газдардың ағуы кезінде пайда болатын тербелістер болуы мүмкін. Өндірістік жағдайларда тербеліс көздері жұмыс істейтін станоктар, қолмен механикаландырылған құралдар (электр және пневматикалық аралар, перфораторлар), электр машиналары (генераторлар, турбиналар) және т.б.
Қазіргі уақытта қала жағдайындағы ең көп тараған шудың түрі транспорттық шу. Шығу көздері – автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және теміржол мен әуе транспорттары. Өндірістік-кәсіпорын мекемелерінің тұрғын аудандарға жақын орналасуы акустикалық талаптың бұзылуына әкеп соқтыратын елеулі фактор болып табылады. Пәтерлік шу екіге бөлінеді: тұрмыстық (адамдардың тіршілігіне байланысты) және механикалық (инженерлік және техникалық) қондырғылар арқылы пайда болады.
Шудың әсерінен ағзада пайда болатын симптомдар кешенін шу ауруы ретінде анықтайды. «Шу ауруы» бұл орталық жүйке жүйесі мен есту анализаторы зақымданатын ағзаның жалпы ауруы, шудың әсерінен пайда болатын клиникалық көріністері арнайы (есту мүшесіндегі өзгерістер) және арнайы емес (басқа мүшелер мен жүйелердегі өзгерістер) болып бөлінеді. Шудың есту қызметіне әсерінің нәтижесі кәсіптік естуінің төмендеуі және кереңдік болып табылады. Шудың әсерінен пайда болатын арнайы емес өзгерістердің ішінен жүйке, жүрек тамыр, жыныс мүшелері, көру мүшелері жүйесіндегі, вестибулярлық аппаратттағы, ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерді айтуға болады. Ауру адамдар жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінің қызметі бұзылғандықтан, олар шудың әсеріне өте сезімтал келеді.
Шу ауруының алдын алу үшін алдын-ала және мерзімді медициналық тексерулер жүргізу, жұмысшылар денесінің шудың қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыру, жеке қорғаныс құралдарын қолдану, кәсіпорындардың жұмысшыларына В, С дәрумендерін күнделікті қабылдау ұсынылады, санаторий-курорттық емдеуді қолдану айтарлықтай оң әсер етеді.
Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Искаков Аскар Бекболатұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

В Шымкенте прошла ярмарка проекта «Одно село – один продукт»

Next Post

Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жәрмеңкесі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі