13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСА ЖЕКЕ ТҰЛҒА БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛҒАН

7 августа, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСА ЖЕКЕ ТҰЛҒА БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛҒАН
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.

Спикердің сөзінше өткен жылдың 3 наурызынан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталған. Бүгінде Түркістан облысы бойынша 13 мыңнан астам арыз келіп түскен. Оның ішінде, 11 401 өтініш банкроттық рәсімдерінің жүргізілу шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған. Ал, 1022 жеке тұлға банкрот деп танылған. Арыздар е-Gov және e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы арқылы қабылданады.

«Жыл басынан бері жалпы түскен өтініштер саны — 2 854. Оның ішінде 2 175 өтініш кері қайтарылған. Ал, 458 өтінішке соттан тыс банкроттық рәсім жүргізіліп жатыр. Сәйкесінше, өтініш мерзімдерінің бұзылуына жол берілмеуі Департамент басшылығының назарында. Сонымен қатар, жыл басынан бері соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша 21 іс сотпен қаралған. Сот банкроттық рәсімі қолданысқа енген күннен бастап жалпы 108 арыз сотқа түскен. Оның ішінде 6 жеке тұлғаға банкрот деп тану туралы Сот шешімі шыққан. Жалпы мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың банк, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн.теңгеден аспайтын қарызының бар-жоғын тексереді. Одан бөлек, борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуын және банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуін тексереді. Сонымен қатар, жекелеген азаматтардың банкроттықты қолдана алмайтынының тағы бір себебі, борышкердің немесе зайыбының мүлкі болуы және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі»,- дейді Сәуле Әбдәшімқызы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

Previous Post

Профилактика эндометрита

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ҚҰНЫ 152 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 62 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі