13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 744 НЫСАННЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

30 июля, 2024
in Денсаулық
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 744 НЫСАННЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімдері» базасында, яғни rchl.govtec.kz сайтында қадағалауға жататын 2 409 нысан бар. Соның ішінде Түркістан облысына қарасты 2 394 нысан, қалған 15 нысан басқа облыстың қадағалауында. 2 394 нысанның жалпы тексеруге жататын нысандар саны – 744 құрайды.
Бұл туралы облыстық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен өткен жиында Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Мұхит Бейсенбай мәлімдеді. Бөлім басшысы баяндамасында алдағы жоспар және аумақтық басқармалар тарапынан жол берілген кемшіліктерді атап өтті.
Өз кезегінде Департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы жіберілген кемшіліктердің нақты себептеріне жіті назар аударып, жауаптылардың уәждерін жеке-жеке тыңдап, түйіткілді мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, жоспарланған нысандарға бақылау жасау, сол нысандарға қатысты мемлекеттік тапсырысты қайта түзу бойынша басқарма басшыларына тапсырмалар берді.
Жиын барысында департамент басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға бармауға, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді орындауға, сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарына жол бермеуге, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта көркем мінез-құлықты сақтауға шақырды.

Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

Previous Post

Вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсіздігі

Next Post

«Жайлы мектеп» – отандық өндірушілерді қолдау

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі