13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Түркістан: «Nur Otan» партиясының қолдаушылары көбейді

8 января, 2021
in Cаясат
0
Түркістан: «Nur Otan» партиясының қолдаушылары көбейді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының төрағасы Бейсен Тәжібаев үгіт-насихат кезеңіндегі атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды брифинг өткізді. Ол өңірде сайлауалды үгіт-насихат жоспарға сай өткенін атап өтті.

Бүгінде Түркістан облысында жетекші партия атынан 320 депутаттық мандаттық орынға 631 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталған. Оның 31% әйелдер болса, 21% – 35 жасқа дейінгі жастар. 7 үміткер Мәжіліске, 83 азамат облыстық мәслихат депутаттығына, 548 үміткер аудандық, қалалық мәслихаттарға кандидат болып тіркелді. Партиялық тізімі 74%-ға жаңарып, кандидаттардың орташа жасы 40-ты құраған.

«Түркістан облысында 1 миллион 163 мың сайлаушы бар. Олар 911 сайлау учаскеге біріктірілген болса, оған партия атынан сенім білдірілген 2733 бақылаушы бекітілді. Миллионға жуық сайлаушыны қамтитын, 4400-ге жуық іс-шараның желілік кестесі жасақталды. Бүгінгі таңға 800 мыңдай сайлаушыны қамтитын 3928 іс-шара өткізіліп, ақпараттық жұмыс жүргізілді. Оның 40%-ы онлайн форматта өткізілді. Түркістан облысының барлық елді мекендерінде сайлауалды бағдарлама таныстырылды. Облыстың барлық аудан, қалаларының көрнекі тұстарында 103 билборд ілінді. Үгіт-насихат кезеңінде үгіт материалдарын тарататын 1009 адамнан тұратын волонтерлар тобы жұмысқа алынып, насихат жүргізуде. Олардың 495-і  партия қатарына қабылданды. Үгіт кезеңінің үш толқынында 568 858 үгіт-насихат құралдары таратылды. «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен кандидаттардың қатысуымен «Есіктен – есікке» акциясы аясында 220 мыңға жуық үйге насихат жүргізілді», – деген Б.Тәжібаев барша кандидаттың елмен кездесуге белсене атсалысқанын жеткізді.

Мәжіліске, облыстық, аудандық мәслихатқа үміткер 630 азамат әлеуметтік желілерде аккаунттарын жандандырып, сайлауалды бағдарламаны насихаттаған.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзНұр ОтанТүркістан облысы“Nur Otan” партиясы
Previous Post

Түркістан-Қазығұрт: Үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарға тоқталды

Next Post

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның жаңадан сайланған Президентін жеңісімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі